Куәліксіз көлік айдасаң, айыппұлдың астында қаласың

Куәліксіз көлік айдасаң, айыппұлдың астында қаласың

Куәліксіз көлік айдасаң, айыппұлдың астында қаласың
ашық дереккөзі
262
Парламент Мәжілісінде жаңа Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі талқыға салынды.  Депутаттар жүргізуші куәлігі жоқ тұл­ғаның көлік құралын басқарғаны үшін айыппұлды 5 есеге арттыруды көздеп отыр. Қазіргі уақытта мұндай құқық бұзушылық үшін жаза 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде айыппұл төлеуді қарастырады. Енді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізу бастамасын көтергендер бұл соманы 50 АЕК-ке (126 250 тең­ге) дейін көбейтуді ұсынуда. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің пікірінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер әкімшілік заңнаманы жетілдіруге, жауапкершілікті ізгілендіруге, мемлекеттік органдар мен сот билігі арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуға ба­ғытталған.

Серіктес жаңалықтары