Театрды қайта жөндеуге бөлінген 32 млн теңгені жымқырған директор тергелуде

Театрды қайта жөндеуге бөлінген 32 млн теңгені жымқырған директор тергелуде

Театрды қайта жөндеуге бөлінген 32 млн теңгені жымқырған директор тергелуде
ашық дереккөзі
222

Елордада "Астана-Көкше" ЖШС директоры Горький атындағы драма театрын қайта жөндеуге бюджеттен бөлінген 32 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік хабарлады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің хабарлауынша, қазір бюджеттен бөлінген миллиондаған ақшаны жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Бұл істе басты күдікті "Астана-Көкше" ЖШС директоры болып отыр.

Тергеу нұсқасы бойынша, кәсіпорын директоры Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрын қайта жөндеуге бюджеттен бөлінген ақшаны өзіне алған.

Қазір тергеу жұмыстары жалғасуда.

Күдіктінің кінәлілік деңгейі мен жазалау шарасын сот анықтайды.

Серіктес жаңалықтары