Құрылысшы жанып жатқан үйден бесіктегі сәбиді аман алып шықты

Құрылысшы жанып жатқан үйден бесіктегі сәбиді аман алып шықты

Құрылысшы жанып жатқан үйден бесіктегі сәбиді аман алып шықты
ашық дереккөзі
332
Елордадағы саяжайдан шыққан өрттен құрылысшылар 3 айлық сәбиді аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер оқиғаның мән-жайын айтып берді. «Өрт болған күні үйде анасы мен 2016, 2019 жылы туған екі баласы болған. Анасы далаға шаруаларымен шығып кеткен кезде үлкен ұлы сіріңкені қолына алып ойынға айналдырған. Нәтижесінде үйдегі заттар өртене бастаған», - дейді ол. Балалардың анасы кірген кезде үй іші көк түтін болған және шыға беріс есікте 2016 жылы туған ұлы жатқан. «Ұлын далаға шығарған анасы үйге қайта кіре алмаған. Саяжай маңында орналасқан құрылыс компаниясының жұмысшылары көмекке келген. Үш құрылысшының бірі жанып жатқан үйге кіріп, бесікте жатқан 2019 жылы туған сәбиді алып шыққан», - дейді комитет төрағасы. 2019 жылғы сәбидің денесі 7% күйіп қалса, үлкен ұлы ыстан орташа деңгейде уланған. «Астана Дор Индустрия» ЖШС-ның жұмысшысы, Рамиль Ахметжанов есімді құтқарушы ерлігі үшін медальмен марапатталады.  

Серіктес жаңалықтары