Медициналық сақтандыру не үшін қажет?

Медициналық сақтандыру не үшін қажет?

Медициналық сақтандыру не үшін қажет?
ашық дереккөзі
367
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетіні туралы көптен айтылып жүрсе де, оның қажеттілігін көпшілік түсінбей келеді. Медициналық сақтандыру – халықты әлеуметтік қорғау үлгісі. Оның қазіргі медициналық қызмет жүйесінен басты артықшылығы сол – жарнаны әркім мүмкіндігіне қарай төлеп, қажетіне қарай медициналық қызмет алатындығында. Яғни, тұрғын сырқатынан айыққанша медициналық ұйымнан ақысыз ем алуға құқылы болады. Сақтандыру медицинасы азаматтың тапқан табысына, ол үшін аударылған жарна көлеміне қарамастан дәрігердің кез келген көмегіне жүгіне алады. Оның ішінде жоспарлы стационарлық көмек те, дәрі-дәрмекпен қамту да, жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрлері мен оңалту да, диагностикалық-консультациялық жәрдем де, медбике күтімі мен паллиативтік көмек те бар. Қазір әлемде денсаулық сақтау саласы бюджеттік, жеке және әлеуметтік сақтандыру, сондай-ақ аралас жүйе бойынша қаржыландырылады. Бюджеттік үлгі – Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция сияқты елдерде қолданылады. Әлеуметтік сақтандыру – Германия, Франция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия және Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде, жалпы, 30-ға тарта елде бар. Ал АҚШ-та  жеке сақтандыру жүйесі енгізілген. Десе де, көптеген елдер бюджеттік және сақтандыру үлгілерін аралас түрде қолданады. Біздің ел де тиімділігі дәлелденген осы үздік тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгізетін болады. Осының арқасында денсаулық сақтау саласында қаржылық тұрақтылық орнайды, медициналық қызметтердің сапасы өседі әрі қолжетімді бола түседі.  

Айжан ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, терапевт-дәрігер

Нұр-Сұлтан қаласы

 

Серіктес жаңалықтары