Мұнай бағасы соңғы 11 жылда болмаған минимумға жетті

Мұнай бағасы соңғы 11 жылда болмаған минимумға жетті

Мұнай бағасы соңғы 11 жылда болмаған минимумға жетті
ашық дереккөзі
289

4 қаңтар мен 11 қаңтар аралығында қара алтын құны барреліне 37,22 доллардан 32,89 долларға дейін құлдырады. ICE құрлықаралық биржасының мәліметі бойынша, бүгін Brent маркалы мұнайы 32,89 доллардан сатылуда. Бұдан дәл бір апта бұрын, яғни 4 қаңтарда мұнай саудасы барреліне 37,22 доллар болып белгіленген еді. Осылайша ақпан айына арналған сауда 11,6%-ға төмендеді. Мұнай бағасы соңғы 11 жылда болмаған минимумға 6 қаңтарда жетті. Сәрсенбі күні Brent маркалы мұнай ICE құрлықаралық биржасында барреліне 35,66 доллардан саудаланды. Мұнай бағасы мұндай көрсеткішке 2004 жылы жеткен болатын. Алайда келесі күні қара алтынның құны бірден 32,18 долларға түсіп, жаңа рекорд орнатты. Халықаралық сарапшылар қара алтын бағасының әлі де құлдырай түсетінін болжауда. Ал ОПЕК болжамы бойынша, 2030 жылы мұнай барреліне 123 долларға, 2040 жылы 160 долларға қымбаттауы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары