1038
Таусоғарлар: аңыз ба, ақиқат па?
Таусоғарлар: аңыз ба, ақиқат па?
Ғаламшарымызды ежелде мекен еткен алып адамдар туралы аңыз-әфсәналар көп-ақ. Әсіресе грек мифологиясында оларға ерекше көңіл бөлінген. Ежелгі грек аңызының желісіне сүйенсек, алып адамдар аспан тәңірі Уран мен жер тәңірі Геядан өрбіген көрінеді. Алпауыттар Олимп тұрғындарына қарсы шығып, құдіретті Зевс бастаған құдайлардың өздерін үрейлендіргенін, сонда алып Геракл мен жалғыз көзді дәулердің көмектесуімен ғана құдайлар жеңіске жеткенін біріміз кітаптан оқысақ, біріміз фильмнен көрдік. Грек мифологиясында «алыптар айқасы» деп аталатын бұл шайқас туралы Н. А. Куннің «Ежелгі Грекия мифтері мен аңыздарында», Махмұд Қашқаридің «Түрік сөздігі» мен В. У. Махпировтің «Имена далеких предков» шығармасында да қаузалған. Бірақ біз аңыз деп ақиқатқа балаудан қашқақтап жүрген алып адамдардың жер бетінде болғанын тарихи деректер сан рет дәлелдеді.
Жер бетіндегі мезозой заманында алып хайуанаттар – бронтазавр мен диплодоктар өмір сүрді, аспанда алып айдаһарлар ұшып жүрді, тау-тас, далада құйрықты алып кесірткелер сайран салды. Тарихи деректер бойынша олардың кейбірі ұша да алған. Биологтардың айтуынша, палеозой заманында ең алғашқыда тірі табиғат теңізде күнелтіп, онда жалқаяқ құртқа ұқсас трилобиттер, теңіз құрттары, губкалар, шаян тәрізді әртүрлі мақұлықтар болды. Мамандар алғашқы сауытты балықтардың да сол кезде пайда болғанын алға тартады. Кембрий кезеңінің аяқ шенінде тіпті үш метрлік шаян бүйілер де өмір сүріп, теңіз тіршілігіне қас жау болған көрінеді.
Бұдан кейін миллиондаған жылдар өткен соң – девон кезеңінде сауытты балықтар теңізде тіршілік ететін өзге жануарлардан бөлініп шығып, аса қауіпті жыртқышқа айналыпты. Тоғыз метрлік динихтис және одан да ірі титанихтис тәрізді алыптар да дүниеге келген. Алғашқы жан-жануарлар осындай ірі болғанда, алғашқы адамдар да ірі тұлғалы болды дегенді жоққа шығара алмаймыз.
Оқымыстылардың 1790 жылы бойының ұзындығы 2,5 метр адамның сүйегін тапқанын тарихи деректер дәйектеді. 1577 жылы Швейцариядағы үңгірдің бірінен тіпті 4,5 метрлік адам сүйегінің табылуы таңғаларлық жайт. Ежелгі Майя храмына енген солдаттардың алып адам сүйегінің үстінен түскендігі де – факті. Храмнан табылған бұл олжа мұхит арқылы Рим папасына жеткізілген.
1821 жылы АҚШ-тың Теннесси штатында құлаған тас қабырғаның астынан археологтар екі адамның сүйек қаңқасын тапты. Бойы 2 метр 15 см болатын бұл адамдар сонда жерленген болып шықты. Алайда мұндай бойшаң жігіттер өмірде жетерлік қой деп ол уақытта ешкім таңырқай қоймапты. Ал 1879 жылы Висконсинеде, 1883 жылы Ютада, 1885 жылы Пенсильванияда табылған адамдардың бас сүйектері мен бойының ұзындығы олардың шын мәнінде таңғаларлық жаратылыс екенін аңғартты. Бір қызығы, олар біреу емес, бейітті қазғанда бірнешеуінің қатар жерленгені белгілі болған. Бойлары да 2-2, 15 метр төңірегінде.
1877 жылдары Невада штатының маңайындағы сарқырап аққан өзенде алтын шаятындар борсыған топырақтың астынан шошайып тұрған бір затты көреді. Оны қазып алғанда адамның аяқ сүйегі болып шыққан және оның жақсы сақталғаны белгілі болды. Табылған олжаны мамандар мен дәрігерлер жіті тексеріп қарағанда, бұл адамның аяғы екендігі дәлелденген. Ең таңғаларлығы, таусоғардың аяқ өлшемі 97 см екендігі анықталған. Осы өлшемді негізге ала отырып антропологтар оның бойының ұзындығы 3 метр 60 см болатынын есептеп шығарды. Динозаврлар дәуірінде өмір сүрген бұл алыптың басқа сүйектерін іздеу мақсатында арнайы экспедиция жіберілгенімен, олар зерттеуге сеп боларлық ештеңе таппаған.
1930 жылдары Австралияның Басарст қаласының маңайында қазан шұңқырларды қазу барысында алып адамның аяғы табылған. Антропологтар бұл ерекше қаңқаларды мегантропустар деп жорамалдады. Олардың бойы 210 см-ден 365 сантиметрге дейін жетеді. Археологтар мұның Қытайда табылған алпауыттардың сүйектерімен шамалас келетінін анықтады. Ғалымдардың айтуынша, Қытай алыптарының бойы 3-3,5 метр, ал салмағының 400 келі тартқан. Ал Австралиядан табылған алып адамдардың жанында темір, пышақ пен балта және тағы басқа тұрмысқа қажетті заттар бірге көмілген. Бұл заттардың салмағы да адам шошырлық, 9 келіден артық салмағы бар тұрмыстық заттардың ұзындығы 1 метрден асады екен. 1935 жылы голланд археологы Ральф фон Кенигсвальд Гонконг маңайынан табылған адам тістерінің қазір ұрпақтарымен салыстырғанда 5 есе үлкен екенін атап көрсетеді. Ғалымның айтуынша, олардың салмағы 400 келі, ал бойы 5 метр.
Жалпы, алып адамдар туралы деректер әлемнің әр қиырынан қылаң беріп отырады. 1936 жылы неміс палеонтолог – антропологы Ларсон Коль Орталық Африканың Элайзи өзені жағалауынан «бауырластар зиратында» бірге көмілген 12 қаңқаны тапқан. Бойының ұзындығы 350-375 см аралығында болған және олардың астыңғы- үстіңгі жақ сүйектерінің кейбірінде екі қатардан тістер болған.
Сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польша территориясының аумағында атылғандарды көму кезінде табылған белгісіз адамның орасан зор бас сүйегі талайларды таңғалдырды. Оның биіктігі 55 сантиметрдей екені белгілі болған. Яғни бүгінгі замандастарымыздың басынан 3 есе үлкен. Дүниежүзі ғалымдарының назарын аударған бассүйекті зерттей келе, ол бойының ұзындығы 3,5 метрді құрайтыны адамдікі екені анықталды.
1950 жылдары Түркияның оңтүстік шығысындағы жол жөндеу жұмыстары кезінде, Евфрат өзенінің маңайынан табылған екі алыптың сүйегі де ғалымдардың алпауыттар өмір сүрген кезеңді одан әрі індете зерттеуіне түрткі болды. Екеуінің жамбас сүйектерінің ұзындығының өзі 120 сантиметрге жеткен көрінеді. Осы алыптарды сатып алған АҚШ-тың Техас штатындағы мұражайдың директоры Джо Тейлор барлық ғылыми ережелерге сәйкес қос сүйекті зерттеп шығып, мынадай қорытындыға келген: олардың бойы шамамен 5 метрге жуық, ал саусақтарының ұзындығы 1,8 метр.
1985 жылы Австралияның Басарст қаласы аумағын кеңінен зерттеу мақсатында жұмыс істеген антропологиялық экспедиция қазан шұңқырларды тағы да үш метрге дейін қазып, ерекше олжаны еншіледі. Жіті зерттеу нәтижесінде мегантропустар тісінің 42-67 сантиметр аралығында екенін анықталды. Зерттеушілер мұндай тісі бар алып адамның салмағы мен бойы шамамен қанша метр болатынын да есептеп шығарды: алыптардың бойы 7,5 метрге жетіп, салмағы 370 келі тартқан деген жорамал жасалды.
Жер бетінде алып адамдардың болғанын айғақтайтын деректер мұнымен шектелмейді. 1979 жылы Мегалонг Вэллиде таулы аймақтың тұрғындары тастың бетінде ізі қалған бес саусақтың табын аңғарғанын да айтпай кетуге болмас. Оның көмескі түрде бедерленген ізі 17 сантиметрдей екені белгілі болды. Ал алақанның табы толық түскен жағдайда оның жалпы мөлшері 60 сантиметр болатынын ғалымдар есептеп шығарды. Бұдан алыптың бойының ұзындығы шамамен 6 метрдей болған деген қорытынды жасалды. Малгоа тауының аумағында да бойы 6 метрлік, саусағының ұзындығы – 60, алақанының ені – 17 см болатын алыптардың ізі табылған. Ал бұл дәулердің қадамының арасы 130 сантиметр болған көрінеді. Миллиондаған жылдар бойы сақталған бұл құпия іздердің сырын ғылым сан-саққа жүгіртіп, олардың жаратылысы, өмір сүрген кезеңі туралы ортақ қорытындыға келе алған жоқ.
Ресейлік ғалымдардың бір кездері Сирия, Ливан, Египетті аралап жүріп, тасқа түскен алып адам табанының ізін тапқаны, оның 90 сантиметрге жеткенін жариялағаны да есімізде. Ғалымдардың болжауынша, бұл алып адамның аяғының ізі осындай болғанда, оның салмағы 3,5–5 тоннаны, бойы 6,5–10 метрді құрауы тиіс. Тағы бір қызықты дерек: 1996 жылы Үндістанда бойы 4 метр, кеуде сүйегі бір метрді құрайтын алып адамның сүйегі табылған. Оны үнділер ертедегі құдайларға қарсы шыққандықтан Шива құдайы жойып жіберген алыптардың тұқымы деп санайды.
Жаңа мыңжылдықта да алып адамдар тіршілігінен хабар беретін археологиялық деректер көптеп табылуда. 2002 жылы Тунис археологиялық институты оқымыстыларының бойы 2 метр 30 сантиметр болатын алып әйелдің біздің дәуірімізден бұрынғы тас саркофагта сақталған сүйегін тапқаны, оның басылым беттерінде жарыса жазылғанын да ұмытыла қойған жоқ. Беріректе Тәжікстанда жергілікті тұрғындар бойының ұзындығы екі жарым метрден асатын адам сүйегін кездейсоқ тауып алғанын, етпетінен жатқанына қарап оның арнайы жерленбегені, соғыста өлгендігі туралы болжам жасалғанын да БАҚ арқылы естіп-білгенбіз. Грузия археологтары да алып адамның бассүйегін тапты. Ол қазіргі адамдардың бас сүйегінен екі-үш есе үлкен болып шықты. Демек, бойының ұзындығы 3 метрден асып жығылған.
2006 жылы жазда Сауд Арабиясында ұзындығы 10 метрге жететін адам сүйегі табылды. Археологтар мен Ислам оқымыстыларының пікірінше, бұл сүйек Құранда айтылатын Ад қауымынан қалған қалдық болса керек. 1991 жылы америкалық археологтар ғарыштан спутниктік бақылау арқылы алып сүйек табылған жерден Ад қауымының үй-жайларының қалдықтарын тапқан болатын.
Ең қызығы, бір топ ғалымдардың жер шарындағы Боржом шатқалында бұдан 25 мың жыл бұрын алып адамдар өмір сүрген деген ғылыми тұжырымдамасы болып отыр. Тағы бір таңқаларлық болжамды физиктер ұсынуда. Олардың сөзіне сүйенсек, мұнан мыңдаған жылдар бұрын атмосфералық қысым қазіргіден 8-9 есе артық болған, ағаштардың биіктігі 1 шақырымға дейін өсіп, атлант адамдарының бойы 18 метрге жеткен. Мұның бәрі табиғаттың жайлы кезеңінде орын алған көрінеді.
Біз тізіп шыққан тарихи деректердің бәрі жер бетінде алып адамдардың өмір сүргеніне толықтай дәлел бола алады. Бірақ ғылым олардың ізім-ғайым жоғалып кету себебін түсіндіріп бере алмады. Сондықтан адамзат тек аңыз-әңгімелерге сүйенуге мәжбүр. Шумер аңызына назар аударсақ, баяғыда өзге әлемнен келгендер жер бетіндегі әйелдерге үйленген де, олардан тек ірі денелі алыптар туған-мыс. Ең соңында, олар өздеріне қарсы күш көрсеткендіктен, өзге әлемнен келгендер оларды тегіс қырып тастаған.
Алпамса денелі адамдар жайлы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда да жазылған. Құран Кәрімде Алла тағала жойып жіберген Ад қауымының адамдары алып тұлғалы, орасан күштің иелері болғаны айтылады. Өздерін ең қуатты санап, адамгершілікке жатпайтын қылықтар істей бастаған соң Алла тағала оларды жойып жібергені баяндалған. Бірақ мұның тек әфсана екенін ескерсек, алып адамдар антропологиядағы терең зерттеуге сұранып тұрған тақырыптардың бірі болып қала бермек.
Анар ЛЕПЕСОВА