Алтынгүл Серкебаева: Әрбір қойылым алдында қатты қобалжимын

Алтынгүл Серкебаева: Әрбір қойылым алдында қатты қобалжимын

Алтынгүл Серкебаева: Әрбір қойылым алдында  қатты қобалжимын
ашық дереккөзі
1405
Алтынгүл Серкебаева – Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы. 2016 жылы актриса Дарияш рөлін бейнелеген А.Чеховтың «Шие» комедиясы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық фестивалінен «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанса, Орта Азия мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан драма театрларының фестивалінен Гран-при жүлдесін ұтып алған. Аталған қойылым халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын алған болатын. Биыл актриса Алтынгүл Ерболқызы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды. Осы орайда актрисамен кездесіп, әңгімелескен болатынбыз.   – Алтынгүл, «Дарын» мемлекеттік сыйлығын алуыңызбен құт­тықтаймыз. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып жатқаныңызды білдіңіз бе? – «Дарын» сыйлығына ұсынылып жатқанымды білген жоқпын. Бұл мен үшін күтпеген жағдай бол­ды. Өз есімімді жеңімпаздар қа­тарынан естігенде таңғалдым. Іш­тей «мен әлі ондай дәрежеге жет­педім» деген қорқыныш болды. Әріп­тестерім «Сен лайықтысың, біз сенің жеңіп шығатыныңды біл­дік» дегеннен кейін көңілім ор­нына түсе бастады. Сыйлықты алу – бір еңбек, ары қарай сыйлық аты­на лайық болу тіптен бөлек жұ­мыс. Ендігі жерде тек талмай ең­бектенуім қажет деп ойлаймын. Өйт­кені жас актриса ретінде маған әлі көп ізденіс керек. – Өзіңіз халық аспаптар бө­лі­мін қыл-қобыз класы бойын­ша үздік бітіріпсіз. Актрисалық өнерге бет бұруыңызға не себеп болды? – Мен актриса болуды бала кү­нім­нен армандағанмын. Осы жол­да ата-анам да бетімнен қақпа­ды, актриса болып қалыптасуыма қолдарынан келгенше бар жағдайды жасады. Анам «актриса болғың келсе, жан-жақты болуың керек» деп айтатын. Сондықтан   мектеп кезінен спортпен айналысып, биге, хорға қатыстым. Ән айтуды білемін, билей аламын, спорттан хабарым бар, енді маған нота тану керек деген оймен 9-сыныптан соң Жезқазған қаласындағы музыкалық колледжге «Қыл-қобыз» класына оқуға тапсырдым. Бойымдағы талантымды байқаған болар, студент атанған жылы-ақ, актриса Райхан Ибраева мен актер Досжан Жанботаев С.Қожамқұлов атындағы музыкалық драма театрында актриса болып жұмыс істеуге ұсыныс жасады. Мен қуана-қуана келістім. Осылайша төрт жыл бойы қобыз класы мен актрисалық шеберлігімді бірге шыңдадым. Колледж бітірген соң елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетін «Драма театр және кино актеры» мамандығы бойынша бітірдім. 4-курста арнайы кастинг арқылы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрына жұмысқа қабылдандым. Театрда жұмыс істеген өзіме ұнайды, өйткені театр арзан шоудың орны емес, пафос емес. Бұл жерде сахналанатын қойылымдар халыққа ой салатын, адам­ның өз тарихын тануына ық­пал ететін дүниелер. – Театр репертуарындағы көптеген қойылымда ойнайсыз. Өзіңіздің жаныңызға жақын рөліңіз бар ма? – Осы театрда жұмыс істегеніме бес жылдың көлеміндей уақыт болды. Рөлдерімді үлкен-кіші деп бөліп-жара алмаймын, маған барлық рөлім ыстық. Мен үшін үлкен және орта буынмен бір сахнада ойнау үлкен мәртебе. Өз замандастарыммен де жұмыс істеу оңай, жұмыс барысында қиналып көрген жоқпын. Мен үшін маңыздысы – халықтың қойылымды іздеп, театрға келгені. Осы күні көрермендер саны артып келеді. Тұрақты түрде қойылымдарды тамашалайтын көрерменге қарап сүйсінеміз. Сахнада рөл ойнап жатсақ та, көрерменнің өзімізге деген ықыласы мен махаббатының энергетикасын сезініп тұрамыз. – Өзіңіздің сахнадағы ойыныңызға көңіліңіз толмайтын, көрерменге кейіпкердің образын аша алмаған сәттер жиі бола ма? – Өз ойыныма көңілім толмайтын сәттер өте көп. Ондай сәт­терде жан баласымен сөйлескің келмейді, есікті жауып алып, қойылым барысындағы өзіңнің қателіктерің туралы ойланып, айнаға қарап өз-өзіңмен сөйлесіп, іштей ой арпалысына түсесің. «Өзіме көңілім толды, керемет ойнадым деген күннен ары қарай өспейсің» деген ұстаздарымыздың сөзі миымызда жатталып қалды. Жалпы, әрбір кәсіби актердің өзіне ешқашан көңілі толмайтын сияқты. Кейде рөлің өзіңе жақсы шыққан сияқты болады. Бірақ әрқашан одан да жақсы істеуге болатын еді деген ойда боламын. Бұл дегеніміз – өнерге деген құштарлықтан туындайтын талпыныс, ізденіс деп білемін. – Өзіңіз басты рөлдердің бірін ойнаған «Арпалыс» телехикаясы қараша айынан бастап көрерменге жол тартты. Жаңа сериалды көрермен қалай қабылдап жатыр? – «Арпалыс» – менің кино әлеміндегі басты рөлдердің бірін ойнайтын алғашқы сериалым. Бұрын эпизодтық рөлдерге түсіп жүрген мен үшін бұл телехикая үлкен тәжірибе мектебі болды. Біздің отандық медиа нарықта кәсіпкерлердің өмірі мен тірлігін көрсететін телехикаялар аз. Сериал барысында көрермен достық пен сатқындыққа куә болып, әдемі махаббат хикаясын тамашалай алады. «Арпалыс» секілді жаңа дүниелер қазіргі көрерменге керек деп ойлаймын. Жалпы, әрбір қойылым алдында қатты қобалжимын. Бірақ сахнаға шыққанда бәрін ұмытып кетемін. Әлі экранға үйренбегендіктен болар, кино түсірілімі барысында бойымдағы қобалжу рөлді ойнап біткенше кетпеді. Қолымнан келгенше жақсы ойнап шығуға тырыстым. Көрермен жылы қабылдап, кино әлеміне деген талпынысымды жақсы бағалап жатыр. Алдағы уақытта киноға түсу туралы ұсыныс болып жатса, қабылдауға дайынмын. – Қазақ кино актрисалары жасанды ойнайды, сөздері жат­танды, эмоциясы жоқ деген сын-пікірлермен келісесіз бе? – Ондай пікірді жиі естіп жүрміз. Кино әлемі – үлкен сала. Онда тек актерлер ғана жұмыс істемейді. Бұл жағдайға біржақты қарауға болмайды деп ойлаймын. Көп жағдайда режиссер актрисаға дайындыққа өте аз уақыт беріп жатады, сөзін жаттауға мүмкіндік болмайды. Мұндай жағдайда актри­са қандай образ шығара алады? Әрине, образды өз бойына то­лық сіңіре алмаған соң экраннан жасанды болып көрінуі мүм­кін. Бірақ өз рөлін әдемі алып шы­ғуды қаламайтын актер болмайды.

Арайлым

ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары