IBF Генаның Туреано Джонсонмен кездесуін міндеттеді

IBF Генаның Туреано Джонсонмен кездесуін міндеттеді

IBF Генаның Туреано Джонсонмен кездесуін міндеттеді
ашық дереккөзі
184

Халықаралық бокс федерациясы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді Багама аралдарының өкілі Туреано Джонсонмен кездесуге міндеттеді. IBF баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, сәуір айында Головкин Туреано Джонсонмен жұдырық түйістіріп, Халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын міндетті түрде қорғауы тиіс. Қазақстандық боксшы, WBA (Super), IBO және WBC (interim) нұсқалары бойынша чемпион атанған Головкин қазан айында өткен өзінің соңғы кездесуінде канадалық Давид Лемьені нокаутқа жіберіп, IBF белбеуіне иеленді. Бұл 33 жастағы қазақстандық үшін 34 кездесудегі 34-ші жеңіс (31 нокаут) болды. Осыған дейін Головкин 23 сәуірде Нью-Йоркте шаршы алаңға оралатыны жайлы хабарланған еді. «Головкин сәуір айында Туреано Джонсонмен жекпе-жекке шығып, IBF белбеуін міндетті түрде қорғауы тиіс. Бұл кездесу әлі келісілген жоқ», – делінген IBF мәлімдемесінде. Айта кетейік, 31 жастағы IBF белбеуіне міндетті үміткер Джонсон 19 рет жеңіске жетіп (13 нокаут), бір рет жеңілген.

Серіктес жаңалықтары