Жол ережесін бұзған алматылықтардың қарызы көп

Жол ережесін бұзған алматылықтардың қарызы көп

Жол ережесін бұзған алматылықтардың қарызы көп
ашық дереккөзі
347

Алматы шаһарында жол ережесін бұзатын жүргізушілер саны да, олардың мемлекетке қарызы да көбейіп кетіпті. Қалалық Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жол ережесін бұзған алматылықтар мемлекетке 12 миллиард теңге берешек.

Алматы қалалық Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция барқармасының практика бөлімі ұсынған деректерге сүйенсек, өткен бір жыл ішінде 332 мың 310 жол ережесін бұзу дерегі тіркеліпті. Сондай-ақ, алып шаһардағы 219 мың жүргізушіге салынған айыппұл көлемі 2 миллиард 513 мың теңгеге жеткен.

Автоматты бақылау жүйесі тіркеген жол ережесін бұзу деректерінің саны 614 мың 880 болыпты. Ал жүргізушілердің мемлекетке қарызы 10 миллиард 914 миллион теңге болса, оның 4 миллиард 689 миллион теңгесі өтелген. Қалған жүргізушілер мемлекетке берешегін мәжбүрлі түрде төлейтін болады.

Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Жандос Мұраталиевтің айтуынша, көптеген жүргізушілер айыппұлды 30 күнтізбелік күнде төлемейді. Сондықтан, оны сот арқылы өндіруден өзге шара жоқ. Өткен жылы сотқа 152 мың іс жөнелтіліп, 1 миллиард 950 миллион теңге мемлекет пайдасына өндірілген.

Серіктес жаңалықтары