Теңгенің 100 пайыз құнсыздануы баспана нарығын тұралатты

Теңгенің 100 пайыз құнсыздануы баспана нарығын тұралатты

Теңгенің 100 пайыз құнсыздануы баспана нарығын тұралатты
ашық дереккөзі
259

Теңгенің 5 ай ішінде 100 пайызға құлдырауы ел нарығының барлық саласындағы баға саясатын айтарлықтай өзгертті. Әсіресе, баспана нарығындағы көрсеткіштер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үлкен өзгеріске түсті. Жылжымайтын мүлік саудасындағы жетекші сайт – "Крышаның" мамандары тұрғын үй бағасының қалай құбылғанын айтып берді.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда теңге 102 пайызға құлдырады, девальвацияның 95,2 пайызы теңге еркін ауытқу бағамына өткеннен кейін, яғни соңғы жарты жылда болды. Еске салайық, 2015 жыл 340 теңге көрсеткішімен аяқталған еді. Мамандардың айтуынша, бүгінде Астанада бір шаршы метрге 1129 доллар ұсынылса, Алматыда бұл көрсеткіш 1216 долларға тең. Бұл теңге еркін ауытқу бағамына өткенге дейінгі бағадан 30 пайызға төмен. Ол кезде (2015 жылдың 18 тамызы) бұл қалаларда шаршы метрдің құны сәйкесінше 1963 және 1705 доллар болған еді. Ал теңге эквивалентінде Алматыда баға 41 пайызға (320 мыңнан 453 мыңға дейін) өссе, Астанада бағаның өсу қарқыны 30 пайыз (318 мыңнан 414 мыңға дейін) болды. Сарапшылардың болжамынша, сатушылар теңгенің құлдырауына байланысты сұранысты азайтса, Алматыда шаршы метр бағасы 873 долар, ал Астанада 867 доллар болмақ. Бұл қазіргі көрсеткіштен 26 пайызға төмен. Мысалы, сатушы тұрғын үйдің шаршы метріне 400 мың теңгеден сұраса, бұл девальвацияға дейінгі бағаммен 2127 доллар (доллар бағасы 188 теңге) болар еді. 1-14 қаңтар аралығында теңгенің сегіз пайызға құлдырауы кезінде Астанада баға жеті пайызға төмендеген. "Бұл елордада алдыңғы қатарлы нысандардың көп болуымен байланысты болуы мүмкін. Құрылыс компаниялары жаңа жағдайға тез бейімделіп жатыр. Алматыда өсу қарқыны 3,3 пайызға төмендеді", - деді сарапшылар. Мамандар жылжымайтын мүлік нарығында долларға тәуелділіктен арылмаудың жағдайды қиындатқанын айтты. Сондай-ақ, олар адамдардың үйлерін сатып алған бағадан арзанға сатқысы келмейтіндіктен, қайталама нарықтағы әрекеттердің кешіктіріліп жатқанын алға тартты.

Серіктес жаңалықтары