Заңсыз көші-қонмен күрес

Заңсыз көші-қонмен күрес

Заңсыз көші-қонмен күрес
ашық дереккөзі
314
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімі мен заңсыз көші-қонның жолын кесуге қатысты заң жобасындағы ұсыныстармен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов таныстырды. – Сыртқы еңбек көші-қон саласына қатысты өзгерістерге тоқталсақ, біріншіден, шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімін жетілдіру мақсатында шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың әрекетін басқа әкімшілік аумақтық бірліктерге тарату көзделеді. Бұл жерде ол екі аймаққа алған рұқсаттама үшін сол екі  аумаққа да салық алымын төлеуге міндетті болады. Екіншіден, шетелдік  жұмыс тартуға квотаны экономикалық қызмет түрлеріне бөлмей,  қызметкерлер санатын категориялар бөлінісінде белгілеу ұсынылады. Сонымен  қатар еңбек нарығындағы қажеттілігіне жедел ден қою үшін Үкіметтің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу жөніндегі функцияларын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға, яғни Еңбек министрлігіне беру ұсынылады, – деді министр. Министр көші-қон процестері саласындағы құқықтық базаны кеңейту және заңсыз көші-қонның жолын кесу мақсатындағы қадамдар жайында да сөз қозғады. Сондай-ақ заңнамада шетелдіктер үшін тұрақты тұруға рұқсат беру үшін 4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды енгізу ескерілген.

Серіктес жаңалықтары