Қалбатау бауырындағы ел

Қалбатау бауырындағы ел

Қалбатау бауырындағы ел
ашық дереккөзі
1547
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан деп аталатын ауданы бар. Аудан орталығы Өскемен қаласының дәл іргесінде. Шамамен 10 шақырым ғана жерде орналасқан. Аудан халқы Қалба тауларының сілеміне сұғына қоныс теуіп, күн кешіп жатыр. Алтай мен Арқаның арасындағы тау бөктеріндегі ел ата кәсіпке көбірек  иек артады. Тұрмысы ауқатты, халықтың әлеуеті барақатты. – Ауданда 39 асылтұқымды мал шаруа­шылығы тіркелген екен. Оның ішінде ет ба­ғы­тында – 9, сүт бағытында – 4, қой өсіру ­бойынша  – 6, жылқы өсіру бойынша  8 шаруашылық жұмыс істейді. Ірі қара мал басын асылтұқымдандырумен 56 шаруа­шы­лық айналысады. Ауданда 6 мал сою пунк­ті және 13 мал сою алаңы, 1 құс сою зауы­ты жұмыс істейді. Соңғы 3 жылда аудан аумағында 5 сүт тауарлы фермасы са­лынып, қолданысқа беріліпті. Сүт бағы­тындағы сиыр басын арттыру жұмыстары жүргізілуде, 2019 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 26,4 мың басқа жетеді, деп отыр аудан басшысы Нұрымбет Сақтағанов. Ұландықтар мемлекет тарапынан бері­ліп келе жатқан әртүрлі жеңілдетілген не­сиелерді де тұрақты пайдаға асырған. Мә­селен, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол­дау қоры» АҚ ұсынған, жылдық үстемеақы­сы 6 пайыз болатын несиені  59 адам  ал­ған. Анығында, аудан орталығы мен ауыл­дық елді мекендегі тұрғындар шағын және орта бизнестің де игілігін көріп отыр. Кәсіпкерлікпен айналысатын субъекті саны 2 253 данаға жетіп, олар жергілікті бюджетке 1,2 млрд теңге салық түсімін са­лыпты. Мұндай деректер жергілікті әкімшілік үшін де, қарапайым тұрғындар үшін де игілікті іс екені сөзсіз. –  Ұлан ауданының көптеген жеріне дән­ді дақылдар мен көкөніс, майлы дақыл­дар және мал азығы  өсіріледі. Қазіргі таңда аудан көлемінде 124,5 мың гектар егістік ал­қабы бар.  Қысы ұзақ болатын өлкеде мал азығын молынан әзірлеу жақсы жолға қойылған. – Еліміздің шығыс өңірі Алтай таула­ры­ның сілемінде орналасқандықтан, та­биғи тұмса өңірлерге кенде емес. Ал та­би­ғаты тамаша өңірде туризмді дамытуға мүм­кіндік мол. Қазір у-шудан жалыққан қа­лалықтар табиғат аясында көбірек де­малуға ынтызар. Туристерге қызмет көр­сетуді ұландықтар да қолға алып отыр. Мәселен, 2018 жылы бұл өңірге 32 мыңнан астам турист қыдырып келіп кеткен. Оларға барлығы 192,5 миллион теңгенің көлеміндегі қызмет түрі көрсетілген. Ал бұл көрсеткіш 2019 жылы 25-30 пайызға артты,– дейді аудан әкімі Нұрымбет Аманұлы. Қазіргі таңда аудан көлемінде 18 туристік нысан жұмыс істеп тұрған көрінеді. «Сібе көлдері топтамасының 4-көлі– Қоржынкөлде «Жібек жолы» мейрамхана-кешенінің құрылысы жалғасуда. Жобаның жалпы құны 2,0 млрд теңге, оның 200,0 млн теңгесі игерілді. Бүгінгі күні 50 орын­дық қонақүй, 90 орындық асхана, жаздық және қыстық үлгідегі күркелер, судағы демалыс күркелері, екі таудың ортасына арқан­жол орнатылды. 120 орындық кафе құрылысы жүргізілуде», – дейді Ұлан ауданының әкімі  Нұрымбет Сақтағанов. 2019 жылы облыстық бюджеттен елді мекендерді абаттандыру үшін 190,0 млн теңге бөлінген. Ауданның 9 округінде 8 ба­лалар ойын алаңдары, 4 work out спорт­тық алаңдары, 2 шағын футбол алаңы, 2 демалыс зоналары салынса, 1 саябақ абаттандырылып, 16 көпқа­бат­ты үйлердің аулалары, 2 үйдің ауласына кіре­тін жолдар мен жол жиектері жөн­делген. Жұмсалған қаражаттың жалпы со­масы – 90,0 млн теңге. Сонымен қатар аудан орталығында 100,0 млн теңгеге жасанды төсемемен шағын футбол алаңы, хоккей қорабы, баскетбол және балалар ойын алаңдары, 2 work out алаңы, дала сахнасы, жаяу жүрушілер жолдары мен тротуарлар салынып,  «Тәуелсіздік» саябағы мен аулалардағы жолдар жөнделді, көше жа­рықтандыру жүйесі заманауи шамдарға ауыстырылып, 4 күркелер орнатылған. Шекара шетіндегі ауданның тынысы қуантарлық деңгейде. Мысалы, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аудан орта­лы­ғында екі 40 пәтерлі жалдамалы үй  са­лын­ған. 80 пәтерлі несиелі тұрғын үйдің құрылысы бойынша байқау аяқталып, құрылыс жұмыстарына дайындық бастал­ған. Аудандық «Қамқор Ұлан» қоры арқылы 6 отбасы, облыстық «Парыз» қоры есебінен 23 отбасы, облыстық «Халифа Алтай» ме­шітінің «Зекет» қоры арқылы  2 отбасы баспаналы болып, зор қуа­ныш­қа кенелген. Ауыл тұрмысы жақсарса, мемлекеттің де экономикалық әлеуеті ар­тады. Әсіресе, шекаралық аймақтардағы алыс ауыл, елді мекендердің жағдайы жақ­сарып, тұрмысының оңалғаны көңілге ме­деу болады.  

Б.Балықбай

Серіктес жаңалықтары