"Девальвация әлі шыңырауға жеткен жоқ"

"Девальвация әлі шыңырауға жеткен жоқ"

"Девальвация әлі шыңырауға жеткен жоқ"
ашық дереккөзі
236

2015 жылдың тамызында Қазақстан теңге бағамының еркін ауытқуына өткенде, Үкімет пен Ұлттық банк еліміздегі шағын және орта бизнесінің өтініші бойынша жасалғанын айтқан болатын. Өтініш иелерінің бірі – Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қазіргі теңге бағамы туралы пікірімен бөлісті. – Шынымды айтсам, сарапшылардан көп естиміз. Бұл бастаманы Ұлттық палата көтергені жайлы жиі айтылады. Экономикалық заң бар. Ол күшін жойған жоқ. Барлық елге қарап көріңіздер, бір жыл бұрын алғашқысы Ресей болды, сосын Әзірбайжан, Түрікменстан. Экономикасы, бюджеті экспорт позицияларына, бірінші кезекте мұнай-газ секторына тәуелді көрші елдердің барлығы өз валюталарын девальвацияға ұшыратуға мәжбүр болды. Сондықтан бұл кәсіпкерлер палатасының бастамасы немесе қалауы емес Экспорт бағаларының құлдырауы мен өз валютасының әлсіреуі жағдайында экономиканы құтқарып қалудың жолын білетін сарапшыларды Нобель сыйлығына ұсынуға шақырамын. Егер осындай сарапшылар болса. Әлем түгелдей осыдан өтті - бұл дәстүрлі заң. Сондықтан палата экономикада қалыптасқан жағдайды сипаттап қана берді. Меніңше, біз тіпті кешігіп қалдық. Жыл басынан бері басталған девальвациялар, егер депозиттерді қарасаңыздар, Ресейдегі оқиғадан кейін барлық жеке тұлғалар, контрагенттер әлсіреудің болатынын түсінді және валютаны ауыстыра бастады, сосын ол ұзаққа созылды. Бұл тенденция сақталып отыр, – дейді Абылай Мырзахметов. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы теңгенің осы деңгейге дейін құлдырайтыны алдын-ала болжанғанын айтты: – Бағамның мұнай бағасына байланысты екенін түсінуге болады. Оның ішінде рубль бағамын бақылап отырмыз, олар да еркін ауытқу бағамы саясатына өтті. Болжамымыздың бәрі дәл келді. Бәрі түсінікті – біз құлдыраудың түбін түсініп отырмыз. Бәрі түсініп отыр, жалпы бағыт бар. Осы бағам күтілген еді. Жарты жыл бойы бейімделу жүреді, қалыпты болады дей алмаймын, шок болады. Ешкім оңай өмір уәде еткен жоқ. Бәрі де дағдарыстың болатынын айтып отыр. Ол орташа мерзімді болады. Бұған көңіліміз толды немесе толмады деп айта алмаймыз. Біз оны орындауымыз керек, әйтпесе экономикамызды жоғалтып аламыз", - деді ол. Маман девальвацияның ел экономикасы үшін оң және теріс әсерлерін атап берді: "Девальвация экспорт салаларына өз-өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бірақ девальвацияның теріс жақтары да бар - бағаның өсуі. Біздің экономикамыз Ресейдікіне қарағанда импортқа тәуелді болып шықты. Біз, өкінішке қарай, түбіне әлі де жеткен жоқпыз. Бұл мәселе алдағы айларда шешіледі. Баға өсті, қиындық туып отыр, бизнеске де. Бұл - импортты отандық тауармен ауыстыру саясатына көшуге белгі", - деді А.Мырзахметов.

Серіктес жаңалықтары