Қостанай облысынан табылған мақұлық мамандарға жұмбақ

Қостанай облысынан табылған мақұлық мамандарға жұмбақ

Қостанай облысынан табылған мақұлық мамандарға жұмбақ
ашық дереккөзі
1024

Қостанай облысының Бағаналы ауылынан табылған мақұлық жергілікті биологтары мен тілшілердің қызығушылығын тудырды. "Наша газетаның " хабарлауынша, оның қандай жәндік екенін ешкім білмейтін болып шықты. Мектепте от жағушы болып жұмыс істейтін Геннадий Кузнецов оқиғаның қалай болғанын толығырақ айтып берді. "Оны 7 қаңтар күні сағат 16.00 шамасында мектепте көмірлердің арасынан тауып алдым. Жұмыртқаның көлемі америкалық футболдың добымен шамалас болды. Күрекпен түртіп көргенімде жұмыртқа жарылып, ішінен бірдеңенің қимылдап жатқанын сездім. Мұның түсі алғашында ақ болды. Кейін көмірдің түсіне айналды. Бұл тіршілік иесіне қызыққандықтан үйіме алып кеттім. Иттер алып кетеді деген ой келді, ал мен институттарға зерттеуге бергім келді. Осыған дейін оны қоймада сақтап келдім. Кейін оны сумен жудым. Артық иісі жоқ", - деді ол. Мектеп жұмысшысының үйіне жиналған тілшілер, полицейлер мен биолог мақұлыққа анықтап қарады. "Бұл тіршілік иесі динозаврға мүлде ұқсамайды. Жәндіктің қасындағы қалтада жұмыртқаның қабықтары да болды", - деп хабарлады басылым.

f2459726c78ad1028a8076ed849f518d Ғалымның айтуынша, табылған жәндік жануар тектес. "Мұнда қан жүретін жүйенің ізін байқауға болады. Дегенмен бұл туралы нақтырақ айту қиын. Ауылшаруашылық институтында Ветеринарлық факультеттің зертханасы бар, мұны сонда апарып зерттееген жөн", - деді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының табиғат бөлімінің қызметкері Андрей Андрющенко. Жергілікті мал дәрігері болса мұндай жәндікті алғаш рет көріп отырғанын жеткізді. Органикалық фрагмент өте жұмсақ және адамдарға қарсы агрессия көрсетпейді. Зерттеу жұмыстарына қанша уақыт кететіні әзірше белгісіз. Мәліметтердің көбін куәгерлер берді. Биолог Андрющенко ақпараттарға сүйеніп өз болжамын айтты: "Көмірлердің арасындағы қуыста жібек құрты болуы мүмкін. Жұмыртқаның ішіндегі сұйықтық жәндікке аязда тоңбауға көмектескен. Жәндіктің көмір күлімен араласып кетуі оның не екенін анықтауды қиындатады. ", - деді биолог. СЭС қызметкерлері жәндікті жіті зерттеуге көшті, жуырда оның не екені анықталатын болады.

Серіктес жаңалықтары