Ақтөбе облысында 9 жылдық мектептің күлі ғана қалды

Ақтөбе облысында 9 жылдық мектептің күлі ғана қалды

Ақтөбе облысында 9 жылдық мектептің күлі ғана қалды
ашық дереккөзі
254

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Көктөбе ауылындағы 30 балаға білім беріп отырған 9 жылдық мектеп түгелдей жанып кетті. Бұл туралы Ақкемер ауылдық округінің әкімі Талғат Өтемұратовқа сілтемес жасап,“Керек.info” тілшісі хабарлады. Мұғалжар ауданы Көктөбе ауылындағы мектеп ғимараты 14 қаңтар күні таң алдында өртене бастаған. Абырой болғанда, өрт мектепке балалар жиналмай тұрып басталған. Таңғы 8-ге таман мектептің күлі ғана қалды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Ақкемер селолық округінің әкімі Талғат Өтемұратовтың айтуынша, ғимарат 1956 жылы салынған. Тоғыз жылдық мектепте 31 бала оқушы білім алып жүрген болатын. Мектептің тек күлі қалғанына қарамастан, оқушылар сабақтан босатылмады. “Ауылда газ жоқ. Мектепті көмір жағып, жылытатынбыз. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Құжаттардан басқалары түгелімен жанып кетті. Соған қарамастан 14 қаңтар күні сабақ тоқтатылған жоқ. Балалар ауыл клубында оқыды”,– дейді Талғат Өтемұратов. Айта кетейікғ, Көктөбе ауылы Ақкемер селолық округінен 20 шақырым жерде. Бүгінде бұл ауылда 130 үй түтін түтетіп отыр. Көктөбелік оқушылар қазір ауыл әкімдігінің жаңа ғимаратында білім алуда. Мектепке қажетті құрал-жабдықтар жаңадан сатып алынып, оқу процесінің үзіліп қалмауына жағдай жасалған.

Серіктес жаңалықтары