Ұшақ апатынан қаза болғандар арасында Генералдар кеңесінің төрағасы бар

Ұшақ апатынан қаза болғандар арасында Генералдар кеңесінің төрағасы бар

Ұшақ апатынан қаза болғандар арасында Генералдар кеңесінің төрағасы бар
ашық дереккөзі
157
Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандар арасында Генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Хайдаров та бар. Бұл туралы "Алматы" арнасы хабарлады.  Айта кетейік, бүгін 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Bek Air әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында – 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.  Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Ұшақ ісіне қатысты ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып жетті. Қазіргі таңда апат себептері анықталуда.

Серіктес жаңалықтары