Чемпиондар депутаттықтан дәмелі

Чемпиондар депутаттықтан дәмелі

Чемпиондар депутаттықтан дәмелі
ашық дереккөзі
2795

19 қаңтар күні қоғам қайраткері, экс-сенатор Ғани Қасымов Парламент Мәжіліс құрамына еліміздің белгілі спортшылары, Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Илья Илинді қосуды ұсынған болатын. Серік сәпиев экс-депутаттың ұсынысына байланысты өз ойын білдірді. «Ғани Есенгелдинұлының Илья Илин екеуміздің спорттағы еңбегімізді жоғары бағалап, Мәжіліске депутат болуға ұсынғанына үлкен рахмет. Қазіргі таңда мен Қазақстан боксы мен спортының дамуында жұмыс жасап жатырмын. «Астана Арланс» былғары қолғап клубының директоры ретінде басты мақсатым – барлық ұжыммен біріге отырып, елімізден шыққан чемпиондардың рейтингісін жоғарлатып, алға жылжу», – дейді Серік Сәпиев. Олимпиада чемпионы ел сенім білдірсе, халық қалаулысы атануға қарсы еместігін жеткізді: «Мен парламентте қоғамдағы түрлі мәселені көтеретін, әр саланың адамдарының болғанын қалаймын. Жоғары лауазымды қызметте отыру жаңа жүйе емес, бұрын да мәдениет және спорт саласының қызметкерлері болған. Мәселен, Ресейде мемлекеттік Думада 2004 жылғы олимпиада чемпионы Алина Кабаева және тәжірибелі боксшы Николай Валуев жұмыс жасайды. Депутат болу оңай емес, бар күш жігерің мен тәжірибеңді салу қажетсің. Егер, қазақстандықтар Илья екеумізді «Халық қалаулысы» болуға лайық деп таныса, біз салауатты өмір салтын, спорт саласын дамытуға дайынбыз»,– деді Сәпиев. Еске сала кетейік, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісін тарату туралы үндеу жариялады. Кезектен тыс сайлау 2016 жылдың 20 наурызына белгіленді.

Серіктес жаңалықтары