Дуальды оқытуға қатысты Германиямен жасалған келісім жалғаспақ

Дуальды оқытуға қатысты Германиямен жасалған келісім жалғаспақ

Дуальды оқытуға қатысты Германиямен жасалған келісім жалғаспақ
ашық дереккөзі
321

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев дуальді оқыту жүйесіне қатысты мағлұмат берді.

Дуальды оқыту жүйесі елімізде 2012 жылы енгізілген болатын. Бір жылдан кейін, яғни, 2013 жылы 176 колледж, 2014 жылы 280 колледж дуальді оқыту жүйесіне ауысқан. Вице-министрдің айтуынша, дуальды оқыту жүйесіне қатысты Германиямен жасалған ынтымақтастық әлі де жалғасады. Германия қауымдастығымен келісімшарт 2018 жылдың 31 наурызына дейін созылып отыр. «ҚР Дуальді оқытудың старатегиялық альянс» жобасы шеңберінде Германияның кәсіпорындарымен ынтымақтастық жүргізілуде. Олардың қатарында әлемдегі ең ірі цемент, бетон және металлқұрылым шығаратын химиялық концерн «Evonik Industries AG» компаниясымен және ауылшаруашылық техникаларды шығаратын «CLASS john deere» кәсіпорыны бар. Ақпан айының 15-19 аралығында Өскемен құрылыс колледж базасында неміс сарапшыларының басшылығымен бірнеше семинар өткізу жоспарланған. Германия қауымдастығымен (GIZ) бірлесіп электронды базаны құру және дуальді оқыту бойынша орталықтандырылған мониторнг жүргізу үшін электронды портал әзірленген», – деді Есенғазы Иманғалиев.

Сондай-ақ, еліміздегі дуальді білім беру жүйесінің 60 пайызы өндіріске негізделген екен. Ал бұл жүйедегі өндіріс әлемнің 60 елінде кең тараған. Бұл мемлекеттерде білімнің 70-80 пайызы өндіріс аясында, қалған 20-30 пайызы оқу орнында беріледі екен. Ал біздің елімізде 60 пайызы өндірісте, 40 пайызы оқу орындарында беріледі.  «Сараптама нәтижелеріне сәйкес, дуальді білім беру жүйесі кадрларды даярлау, жастардың арасында жұмыссыздықты төмендету мәселесін шешуде ең тиімді модель болып табылады. Елбасы Ангела Меркельмен кездескенде Германия канцлері Германия өнеркәсіптерін дуальді білім беру жүйесі үзіктер қатарына қосты деп айтқан болатын. Сондықтан, аталған білім беру жүйесі біздің нарығымызға енгелі үш министрлік, атап айтсақ, ДСӘДМ, БҒМ және Ұлттық кәсіподақ палатасы бірігіп, меморандумға қол қойдық», – деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары