Желіде Көк-Төбедегі аттракционнан құлаған жасөспірімнің видеосы жарияланды

Желіде Көк-Төбедегі аттракционнан құлаған жасөспірімнің видеосы жарияланды

Желіде Көк-Төбедегі аттракционнан құлаған жасөспірімнің видеосы жарияланды
ашық дереккөзі
305
Желіде жасөспірімнің Көк-Төбедегі аттракционнан құлаған сәті түсірілген видео пайда болды.  Әлеуметтік желіде тараған видеодан «Рогатка» аттракционынан баланың құлап кеткенін көруге болады. Айта кетейік, бұған дейін 13 жастағы баланың батуттан құлап жарақат алғаны туралы хабарланған болатын. «Науқасты жедел жәрдем қызметі Алматы қалалық балаларға жедел медициналық қызмет көрсету орталығына жеткізді. Дәрігерлер қарап, қажетті медициналық көмекті толығымен алып жатыр. Баланың жағдайы бірқалыпты», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар.  

Серіктес жаңалықтары