АҚШ-та бұрқасыннан 28 адам қайтыс болды

АҚШ-та бұрқасыннан 28 адам қайтыс болды

АҚШ-та бұрқасыннан 28 адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
214

Табиғаттың тосын мінезі АҚШ-ты әуре-сарсаңға салды. 22 қаңтардан басталған қарлы боран мен аязға шыдай алмай қайтыс болғандардың саны 28 адамға жеткен. 11 штатта төтенше жағдай жарияланып, ел астанасында көлік қатынасы жартылай тоқтатылды. Қалың қарға байланысты бүгін мемлекеттік мекемелер жұмыс істемейді деген де ақпар бар. Вашингтон, Нью-Джерси мен Нью-Йорк тұрғындарына билік көшеге шықпауға кеңес берген. 22 қаңтарда басталған боранның зардабын 90 млн. Америка азаматы тартып отыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кейбір аудандарда 70 сантиметрге дейін қар түскен. 200 мың үй электр жарығынсыз қалса, бірқатар өңірде сел жүреді деген де қауіп бар. Бүгін Америка астанасында орналасқан АҚШ федералдық үкіметінің министрлігі мен ведомстволары демалыс алды. Бұл туралы кеше кешке АҚШ федералдық үкіметінің кадрлар басқарамасы жариялады. Вирджиния мен Мэрилендте де қарлы боранға байланысты мемлекеттік мекемелерде демалыс жарияланды.

Серіктес жаңалықтары