Ислам Жеменей: ATAJURT жобасын қуана қабылдадық

Ислам Жеменей: ATAJURT жобасын қуана қабылдадық

Ислам Жеменей: ATAJURT жобасын қуана қабылдадық
ашық дереккөзі
294
– Мен елге келгелі отыз жылдай уақыт болды. Әлі бір журналист толыққанды сұхбат алып, «Аға не істеп жүрсіз?» демеді. Ғалым мен ғылымды елемейтін әншейін науқаншыл болып кеттік. Túrkistan газетінің өткен санында Иран қазақтары жайлы жазылыпты. Бұл мені қуантты. Шеттен келген қазақтардың мәселесі ұрда-жық айқай-сүреңсіз дәл осылай сарапталып жазылып тұру керек еді. Бұл – игі бастама. Өйткені қазақтардың басты ерекшелігі бауырмалдығы. Қазақ қайда жүрсе де өз қандасын іздеп жүреді. Бұл үрдіс кейінгі жылдары баяулап кетті. Неге? Қазақстан дербес ел болып Тәуелсіздік алған жылдары атамекенде диаспора қазағын бауырына басып, көз жастарымен қарсы алған қазақтардың жолы жалғасып, біртұтас елге айналатын уақыты келсе де әлі кілтипан, кедергі аз емес. Неге? Аталған сұрақтарға жауап іздеу, себеп-салдарын табуға кім атсалысар екен?! Бұл бағытта ақпарат құралдарының ықпалы ерекше. Осы орайда Túrkistan газетінің ATAJURT айдарымен ашылған жаңа жобасы қазақтың жүрегіне жол тауып, бір-біріне шапағатын тигізіп, ұлттық һәм мемлекеттік мүддеге бірігу мүмкіндіктерін бірге қарастыра алады деген үміт ұялады. Сол үшін газеттің жаңа бағыты да құт, елімізге, қазақ болып бірігуімізге серпіліс ала келуіне тілектеспіз, сенімдеміз! Túrkistan апталығы үнемі оқитын газетімнің бірі. Арысы түркі халықтарының, берісі дүниежүзі қазақтарының жанашыры Қал-ағаң, Қалтай Мұхамеджанов сынды қарымды қаламгердің бүгінгі ізбасар інілерінің ісіне берекет тілейміз!  

Серіктес жаңалықтары