Сайлау – 2016. Ақпараттық хабарлама

Сайлау – 2016. Ақпараттық хабарлама

Сайлау – 2016. Ақпараттық хабарлама
ашық дереккөзі
902
«Түркістан» Халықаралық газеті» ЖШС 2016 жылғы 20 наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына партиялық тізім бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан қатысатын, сондай-ақ ҚР қалалық, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат материалдарын «Түркістан» саяси апталығында (бұдан әрі – Газет) жариялауға арналған баспа беттерін беру талаптары жайында құлағдар етеді. Газет беттерінен орын беруге қатысты жалпы талаптар: Газет беттерінде сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін Газеттің меншік иесі мен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына партиялық тізім бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан қатысатын, сондай-ақ ҚР қалалық, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар арасында үгіт-насихаттың және ақпараттық материалдарын жариялау туралы жазбаша келісім жасалуы керек. Келісімшарт пен оған қосалқы құжаттардың үлгісі төменде көрсетілген жазбаша хат ұсынылған кезде беріледі. Кандидат/сенімді тұлғаның келісімшартқа қол қоюы Кандидаттың/сенімді тұлғаның Газеттің баспа беттерінен орын ұсыну туралы келісімді қабылдауы деп танылады, әрі сенімді тұлғаның сайлауалды үгіт-насихат өткізуге байланысты Газет тарапынан көрсетілген қызметтерді қабылдауға деген келісі болып табылады. Жазбаша хатта төмендегі мәліметтер көрсетілуі тиіс: – хаттың тіркелген нөмірі, жазылған күні мен уақыты; – хат ұсынған Кандидат/сенімді тұлғаның толық аты-жөні; – хат ұсынған тұлғаның жеке басын растайтын құжат: Кандидаттың/сенімді тұлғаның жеке куәлігі Кандидаттың/сенімді тұлғаның тиісті мемлекеттік органнан алған куәлігі; – сайлауалды үгіт-насихат материалының жоспарлы көлемі, түрі; – Кандидат/сенімді тұлғаның қолы. Газет жазбаша хаттарды осы Ақпараттық хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап, 2016 жылдың 16 наурызына дейін, сенбі мен жексенбі күндерінен басқа барлық күндері сағат 10-00-ден бастап 18-00-ге дейін қабыладайды. Жазбаша хатпен бірге хат мазмұнында сілтеме жасалған барлық құжаттардың көшірмелері де ұсынылуы тиіс. Баспа материалдарын жариялау кезегінің тәртібін жазбаша хаттардың келу тәртібіне қарай Газет бекітеді.         «Түркістан» Халықаралық газеті» ЖШС мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143, 6-қабат. Байланыс телефондары: 8(727)394-42-51, 8(727) 394-42-57 Факс 8(727) 394-41-80

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын ұсыну тәртібі

Үгіт-насихаттың баспа материалдары Газетке Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Заңының 3-тармағының 28-бабында көзделген көлемде, Газеттің меншік иесімен басылымнан орын беру туралы келісімге қол қоюға өкілетті тұлғаның қолымен ұсынылады. Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдары газетке модуль және мақала түрінде ұсынылады. Үгіт-насихаттық және ақпарттық баспа материалдары Газетке шығатын күнінен 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын беріледі. Егер үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарында Констиуциялық тәртіпті күштеп өзгертуге шақыру, Республиканың бүтіндігін бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлтаралық, діни, тап-аралық және руаралық араздықты қоздыру, зұлымдық пен зорлық-зомбылықты дәріптеу, сондай-ақ заңда көзделмеген әскери құрылымдар құру ниеті бар деп тапса немесе заңда көзделген өзге де есептерді негізге ала отырып, газет үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.     

Газеттің баспа бетіндегі орнының төлемақысы мен оны төлеу тәртібі

Үгіт-насихаттық және ақпараттық материалдар беру үшін басылым бетінен орын беру ақысы төмендегідей: «Түркістан» халықаралық саяси апталығы: 800 (сегіз жүз) теңге – журналистік мақалалар жарияланған беттерде модуль орналастырудың әрбір шаршы см. үшін қосымша құн салығын қосқанда; 800 (сегіз жүз) теңге – журналистік мақалалар жарияланған беттерде мақала орналастырудың әрбір шаршы см. үшін қосымша құн салығын қосқанда. Басылым бетінен орын беру үшін төленетін ақы сомасын тиісті сайлау қоры/сенімді тұлға 100 пайыздық алдын-ала төлеммен аударуы тиіс. Алдын-ала төлем Газет ұсынған есеп қағазы негізінде, есеп қағазы ұсынылған күнен бастап 3 (үш) операциялық күннің ішінде төленеді. Төлем газеттің басылымнан орын беруі туралы тиісті келісімшартында көрсетілген банктік реквизиттері бойынша немесе есеп-шоты бойынша төленеді.        

Серіктес жаңалықтары