Мемлекеттік хатшы Италия Елшісімен кездесті

Мемлекеттік хатшы Италия Елшісімен кездесті

Мемлекеттік хатшы Италия Елшісімен кездесті
ашық дереккөзі
302
Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Стефано Раваньянмен кездесіп, Италия Елшісін лауазымды қызметке орналасуымен құттықтады. Италия Елшісімен кездесуінде Гүлшара Наушақызы екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамып жатқандығын айтты. Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық әріптестік деңгейінің көтерілуіне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы Италияға жасаған сапары барысында Стратегиялық серіктестік туралы мемлекетаралық келісімге қол қоюының әері мол екендігін де тілге тиек етті. Кездесуде екі ел арасындағы байланыс пен ынтымақтастықтың болашағы сөз болды. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясат аясындағы инфрақұрылымдық даму жоспарының жобаларына итальяндық компаниялардың қатысу мәселесі де қарастырылды. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Миланда өтетін «ЭКСПО-2015» халықаралық көрмесіне белсенді қатысатындығын да айта отырып, итальяндық әріптестерінің де Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсене қатысады деген сенімін білдірді.

Серіктес жаңалықтары