Британия Brexit-ке қол қойды

Британия Brexit-ке қол қойды

Британия Brexit-ке қол қойды
ашық дереккөзі
505
Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу туралы ниетінің пайда болғанына бірнеше жылдың жү­зі болды. Ал өткен апта ағылшындар үшін та­рихи жаңалықпен тамамдалып, Британия жылдар бойы созбаққа салынған Brexit келісіміне қол қойды. Еуроодақтан шығу туралы референдум Ұлыбританияда 2016 жылы өткен еді. Сол кезде Brexit келісімін жақтау­шы­лар жеңіске жеткен. Яғни, ағылшындардың 51,9 пайызы Еуроодақтан шығуды қолдаса, 48,1 пайызы қарсы дауыс берген еді. Бірақ Ұлыбритания парламенті Тереза Мэй үкіме­тінің Одақтан шығу туралы келісімін бірнеше рет кері қайтар­ған. Тіпті, соңында Тереза Мэй отставкаға кетіп тынды. Одан кейін билік басына келген Борис Джонсон тығырықтан шы­ғудың жолын тауып, өткен аптада Еуроодақтан шығу туралы келісімшартқа қол қойылды. Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ, Үкімет басшысы Борис Джонсон қол қойған келісімшартты Еуро­пар­ла­менттің конституциялық істер жөніндегі комитеті де бекі­тіп берген болатын. Дауыс беру кезінде комитеттің 23 мүшесі құ­жат­ты қолдаса, үшеуі қарсы шықты. «Ұлыбритания Еуроодақ­ты тастап шыққалы отыр. Бұл тарихи сәт. Мемле­кеттің одақтан шығуы өте өкінішті, әрине. Алайда британ хал­қының шешімі осындай», – деді Еуропарламенттің конституциялық істер жөніндегі басшысы Антонио Таяни. Енді Ұлыбритания 31 қаңтар күні Еуроодақ құрамынан шы­ғуы тиіс. Дегенмен  жыл соңына дейін өтпелі кезең жүре­тін болады. Келісімнің күшіне енгенін мәлімдеген Ұлы-б­ри­­тания премьері Борис Джонсон: «Бұл шеңберден шыға ал­­­майтындай көрінетін еді, бірақ біз бұған қол жеткіздік», – деді.

Серіктес жаңалықтары