Әуе көлігін басқарған қазақ жігіті

Әуе көлігін басқарған қазақ жігіті

Әуе көлігін басқарған қазақ жігіті
ашық дереккөзі
549
20 қаңтар күні Моңғолияның Изинис Эйрвэйз компаниясы әуе қозғалысының ұшқышы Бек Базылханұлы Ұланбатыр – Гонконг – Ұланбатыр бағытына ұшқан B737NG әуе көлігінің тізгінін ұстады. Алғашқы рейсін сәтті жасаған қазақ ұшқышын «Шыңғыс хан» халықаралық әуежайынан күтіп алушылар сән-салтанатпен қарсы алды. Әуе көлігінің тізгінін кәсіби түрде өзі басқару – ұшқыш үшін зор мәртебе. Бұл жайлы Моңғолиядағы KazNews.mn ақпарттық порталы жариялады. «Бек Базылханұлының алдағы қызметіне сәттілік тілеп, әрдайым аспаны ашық болуын тілейміз» деген Изинис Эйрвэйз әуекомпа­ниясының басшылығы.

Серіктес жаңалықтары