268
Қазақ балуаны екі дүркін чемпион атанды
Қазақ балуаны екі дүркін чемпион атанды
25-27 қаңтарда Моңғолия біріншілігінен өткен дзюдо және самбо күрес түрлерінен қандасымыз Серік Бердімұратұлы 100 келі салмақта қатарынан екі жыл ел чемпионы атанды.
Серік Бердімұратұлы бұған дейін де талай биіктерді бағындырған. Атап айтқанда, самбо күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының екі дүркін (2010, 2011) қола жүлдегері, жасөспірімдер арасында сумо күресінен Жапония ашық чемпионатының (2011) қола жүлдегері. Моңғолдың ұлттық күресінен жастар арасында ел чемпионы (2012) және өте мәртебелі «Мемлекеттік лашын» (2017) атағының иегері. Дзюдодан жасөспірімдер арасында Моңғолия чемпионы (2009) және ересектер арасында (2014) күміс медаль иегері. Қазақша күрестен «Еуразия Барысының» (2013) күміс жүлдегері және Азия чемпионы (Астана, 2018). Қырғыз елінің Шолпан-Ата қаласында дүркіреп өткен үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының барысы (2019).
Серік Бердімұратұлы – әлемдегі күрес таңдамайтын ең әмбебап балуандардың бірі. Оған жоғарыда аталған жетістіктері куә.
Сонымен қатар ел ішінде «Түркі дүниесінің түйе балуаны» деген атағы да асқақ.