347
ҚМДБ: 2015 жылы 152 907 отбасына қайырымдылық жасалды
ҚМДБ: 2015 жылы 152 907 отбасына қайырымдылық жасалды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж жандарға, мүгедек балаларға, ардагерлерге қайырымдылық көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес, 2015 жылы еліміздің әр өңіріндегі мешіттер тарапынан табиғат апатынан және басқа да жағдайларға душар болған азаматтарға қайырымдылық жасалды.
Осы орайда, мешіттерде «Қайырымдылық керуені», «Мектепке жол», «Қарттарға құрмет», «Мұқтаждың мұңын бөліс», «Бір баланы киіндір», «Қайырымдылық – қайырлы іс», «Барыңмен бөліс!» секілді акциялар мен қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды.
Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетіліп, «Қайырымдылық керуені» акциясында 110 тонна тұрмысқа қажетті заттар таратылды.
«Мектепке жол» қайырымдылық шарасы барысында тұрмысы төмен, ата-ана қамқорлығынан айырылған, жетімдер мен көпбалалы 5253 жанұяға оқуға қажетті құралдар мен әр оқушыға 20 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
«Құрбан айт» мерекесінде мұқтаж жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен мемлекеттік мекемелерге республика бойынша 15 308 құрбандық еті 23 419 отбасына үлестірілді.
Астана мен Алматы қалаларындағы қарттар үйлеріне «Үлкен қажылық» және «Кіші қажылыққа» тегін жолдама берілді. Діни басқарманың бастамасымен республикалық деңгейде «Қарттарға құрмет» акциясы барысында материалдық және моральдық көмек беру сияқты қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.
Еліміз бойынша 2015 жылы жалпы саны 152 907 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.
Баян Кәдірбайқызы