270 мың отбасыға көмек көрсетілді

270 мың отбасыға көмек көрсетілді

270 мың отбасыға көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
529
Nur Otan партиясы жа­нын­дағы Отбасы, әйел­дер мәселелері және бала­лар­дың құқығын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің мүшелері еліміздің 200 елді мекенін аралап, 1 300-ден астам білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау меке­ме­лерінің жұмысын тексеріп шықты. Кеңес жұмыс тобының өңірлерде жүргізген тексеру жұмыстарының нәти­желері партиялық тыңдауда талқыланды.  Жиында Nur Otan партиясы Тө­ра­ғасының Бірінші орын­басары Бауыр­жан Байбек отбасын қолдау және балалар құқын қорғау пар­тия­ның ұдайы назарында болатынын алға тартты. «Бұл бағыттағы жұмыстар елі­мізде Тәуелсіздік алғаннан бастап жүргізіліп келеді. Еліміздің Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Біріккен Ұлт­тар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясына қол қойды. Конвенцияны іске асыру бірнеше ұрпақ өміріндегі оң өзгерістерге ықпал етті. Нәтижесінде, балалар өлімі бес еседен астам төмендеді. Білім берумен, соның ішінде мектепке дейінгі біліммен қамту соңғы 5 жылда 13,6 пайызға ұлғайып, 95,2 пайызды құрады. Инклюзивті білім беру дамуда, балалар үйлеріндегі жетім және ата-анасының қам­қорлығынсыз қалған балалардың саны соңғы 10 жылда 2 есе азайды, әлеуметтік қорғау жүйесі қалып­тасты. Елімізде балалардың құқы­ғын іске асыру үшін құқықтық база құрылды, оны жетілдіру жалғасын табуда», – деді Бауыржан Байбек. Сонымен бірге Бауыржан Байбек 2013 жылы іске қо­сыл­­ған «Бақытты отбасы» пар­тия­лық жобасының елдік іске айнал­ға­нын атап өтті. Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқығын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің өңірлерге жүр­гізген мониторингісінің қорытын­ды­сы бойынша бірқатар мәселелер анықталды. Бұл ретте партияның өңір­лік мемлекеттік органдармен және Білім және ғылым министрлігімен 2 айда жедел жұмыс жүр­гізуі­нің арқасында анықталған ке­леңсіздіктердің 70 пайызы түзе­тіл­ді. Осы бағыттағы жұмыстар жал­ғасып, партияның ұдайы бақы­лауында болады. Бауыржан Байбек осы жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық жүйелі мониторинг жүр­гізу мен мемлекет пен азаматтар арасындағы диалогтың жаңа форматын орнату екенін атап өтті. Еске сала кетейік, Отбасы, әйел­дер мәселелері және ба­ла­лардың құқығын қорғау жө­нін­дегі республикалық қоғамдық кеңес «Бақытты отбасы» жобасы­ның аясында өткен жылдың ақпан айында құрылды. «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы Тұңғыш Прези­дент, Nur Otan партиясының Төра­ғасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сырмасы бойынша қолға алынды. Жоба аясында балалар үйінің 1 000-нан аса түлегі тұрғын үймен қам­тамасыз етілді, 2 000 жетім ба­лаға білім беру жинақтау салымы ашылды, қиын-қыстау жағдайдағы 270 мыңға жуық отбасыға құқық­тық, психологиялық көмек көр­се­тілді.

Серіктес жаңалықтары