Айтысты мектеп бағдарламасына енгізу ұсынылды

Айтысты мектеп бағдарламасына енгізу ұсынылды

Айтысты мектеп бағдарламасына енгізу ұсынылды
ашық дереккөзі
1245
Айтыс өнерін да­­мыту туралы Nur Otan партиясы жанындағы Miras қо­ғам­дық кеңесінің оты­­ры­сын­да сөз болды. қо­ғам­дық қор мүшелері айтыс­ты мектеп бағ­дарламасына енгізуді ұсын­­ды. 2020 жылы елімізде өтетін мә­­дени іс-шараларға айтысты мін­детті түрде қосу және оны да­мытуға меценаттарды тарту ке­­ректігі сөз болды. Қазіргі таңда Маң­­ғыстау өңірінде «Жыр жебе» ай­тыс мектебі бар. 30-ға жуық шә­кірт тәрбиелеп отырған мек­теп­тің оқушылары облыстық, рес­­­публикалық байқауларда жүл­делі болып жүр. «Жас ұрпақ әлеуметтік желі­лер­ді молынан пайдаланып, ком­пью­термен жұмыс істеуді үйрен­генмен, қазір­гі таңда әдеби шы­ғар­­маларды аз оқитынын байқап жүрміз. Сон­дық­тан жасөс­пірім­дер­дің тіл бай­лығы дамымай жат­қанын бай­қаймыз. Тіл бай­лығы дамыма­ған жерде қазақтың ті­лінің небір шұрайы мен уызына қанбай өскен баладан мықты айтыскер шық­пай­ды. Осыны есте сақтау қажет», – дейді Miras қоғам­дық кеңесінің мүшесі Есберген Іңірбайұлы.  

Серіктес жаңалықтары