Медициналық анықтаманы Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады

Медициналық анықтаманы Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады

Медициналық анықтаманы Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады
ашық дереккөзі
397

Бұдан былай медициналық анықтама алу үшін ауруханаға барып, ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ. Жұмыс немесе оқу орны сұратқан денсаулық жағдайыңыз туралы тілдей қағазды енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады. Қанатқақты жоба әуелі Алматы мен Астана қалаларында сыналып көрмек. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық бақылаудың жеделділігін әрі тиімділігін арттыру үшін процесті үш тармаққа бөлмекші. Дәрігерлер балаларды мектеп қабырғасында тексереді. Диспансерлік тіркеуде тұрған науқастар өз алдына бөлек қаралады. Ал жұмысқа немесе оқу орнына қажетті медициналық анықтаманы Халыққа қызмет көрсету орталықтары беруі керек. "Жұмысқа тұратын немесе оқуға барамыз деген азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығына барып жазылады. Дәрігердің уақытын белгілеп алады. Сонда азаннан кешке дейін кезекте тұрудың қажеті жоқ. Өтіп болғаннан кейін егерде ол мекеменің ақпараттық базасы болатын болса, орталықтан анықтаманы алып кетеді", – дейді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова. Министрдің айтуынша, медициналық анықтама алғашқыда Астана мен Алматыдағы орталықтарда берілмек. Қызметтің жаңа түрі кейін өзге өңірлерге де тарайды. Сондай-ақ, министрлік мектептегі медицинаны да өз қарамағына алғанын айта кетейік. Енді балалардың ауру-сырқауына тікелей Денсаулық сақтау министрлігі жауапты."Каникул кезінде емдеу мәселесі, ол біздің емханаларда, лагерлерде, санаторий, курортта жасауы мүмкін. Емхана, ауруханаларда емдеуі мүмкін. Соның бәрін жоспарлау керек", – дейді министр.

Серіктес жаңалықтары