Токио-2020: Ел қоржынында 36 жолдама бар

Токио-2020: Ел қоржынында 36 жолдама бар

Токио-2020: Ел қоржынында 36 жолдама бар
ашық дереккөзі
242
Қазақ спортшыларының еншісінде спорттың 16 түрінен Токио Олимпиадасының 36 жолдамасы бар.   Әзірге лицензиялардың басым көпшілігі боксшыларымызда. Кеше Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде ерлер құрамасы – 5, әйелдер боксынан ел қоржынына 1, жалпы саны 6 жолдама түсті. Жолдама саны жөнінен екінші орынды еркін күрес балуандары мен садақ атушылар өзара бөлісіп тұр. Аталған спорт түрлерінен төрт-төрттен барлығы 8 лицензия бар. 3 жолдамаға иелік еткен жеңіл атлеттер мен тасжолдағы велоспортта сынға түсетін спортшыларымыз үшінші орында. Сондай-ақ,  ел қоржынында жүзу спортынан – 2, грек-рим күресінен –  2, әйелдер күресінен 2 жолдама болса, қазіргі бессайыстан тағы 2 лицензия бар. Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталмағанын ескерсек, жолдамалар саны әлі арта түсуі әбден мүмкін.

Серіктес жаңалықтары