Испанияда коронавирус жұқтырғандар қатары үш мыңға жетті

Испанияда коронавирус жұқтырғандар қатары үш мыңға жетті

Испанияда коронавирус жұқтырғандар қатары үш мыңға жетті
ашық дереккөзі
277
Испанияда коронавирус жұқтырғандар қатары 3 мың адамға жуықтады, деп хабарлайды РИА Новости. Індет жұқтыру деректерінің көпшілігі Мадридте тіркелген. Қалада 1388 адамнан коронавирус анықталып, 38 науқас көз жұмды. Сондай-ақ, Риохада – 205, Каталонияда 260 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Коронавирус індетіне шалдыққандар қатарында испан үкіметінің мүшесі, тең мүмкіндіктер министрі Ирене Монтеро да бар. Министр мен оның жұбайы карантинде жатыр. Үкімет мүшелерінің барлығы тексерістен өтеді. Бұдан бөлек, коронавирус ел парламентінің төрт депутатынан анықталған. Заң шығарушы органның қос палатасының отырыстары кейінге шегерілді.  Мектептер мен жоғары оқу орындарында сабақ тоқтатылды. Айта кетейік, коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Қазақстанда да мектеп оқушылары уақытынан бұрын демалысқа жіберілмек. Ал жоғары оқу орындары 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқуға көшеді.  

Серіктес жаңалықтары