Қазақстанда коронавирус тағы екі адамнан анықталды

Қазақстанда коронавирус тағы екі адамнан анықталды

Қазақстанда коронавирус тағы екі адамнан анықталды
ашық дереккөзі
158
Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы екі жағдайы тіркелді. «Қазіргі таңда Қазақстанда 8 науқас бар. Бәрі оқшаулауда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде. Соңғы тіркелген екі науқастың біріншісі - 1959 жылы туған әйел адам. Бұрын күйеуінде диагноз анықталып, жақын байланыстағы адам ретінде оқшаулауда жатқан. Қосымша диагностиканың нәтижесінде коронавирус инфекциясы анықталған. Оның отбасындағы жақындарының бәрі оқшаулауда. Министр екінші адам ер кісі екенін, кеше «Сеул-Алматы» ұшағымен келгенін атап өтті. «Ұшақтан келген 130 жолаушының ішінде трансфермен кеткені бар. Бәрі де 100 пайыз инфекциялық ауруханаға және стационарға жатқызылды. Сонымен қалаға ешкім кірген жоқ. Ішінде бір пациентті анықтадық», - деді ол.  

Серіктес жаңалықтары