Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор
"Тұяқберді Шәмеловпен бірге жүрдік, тамылжытып тартатын күйді. Қаршыға Ахмедияров ағамыз күмбірлететін. Ал Рысбай Ғабдиев ағамыз өте мықты күйші еді. Күйді жылдамдатып тартқанның өзінде тыңдаушысына сіңіріп жіберетін ғажап өнерпаз болатын. Ондай қылып күй тартатын адам өте сирек қой. Әсіресе, Құрманғазының «Төремұратын» ол кісідей орындайтын күйші жоқ шығар. Сол сияқты Әзидолла Есқалиев те мықты болды, өзіндік өрнегімен әсерлі орындайтын. Тірлігінде дара туған өнерпаздардың қадіріне жете бермейміз ғой, Әзидолла аға өмірінің соңғы кезінде төсек тартып жатып қалды. Атырауда панел үйдің бірінде тұрды. Сүйегі содан шықты".
Күйші-композитор Секен Тұрысбеков қазақстандықтарға тілек білдірді.