Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды.
Сіз «Эсселерге» ой көзімен үңілсеңіз, заманымыздың заңғар ойшылы Әбіш Кекілбайұлының, саясаткер Аман Төлеевтің, мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтахановтың, ақындар Омарбай Малқаровтың, Әселхан Қалыбекованың, Нәмет Сүлейменовтің, Қаныбек Сарыбаевтың, тағы да басқа ұлтымыздың талантты ұл-қыздарының, үлкен парасат иелерінің ішкі әлеміне еніп кеткеніңізді өзіңіз де байқамай қаласыз. Ханбибі Есенқарақызы сізге ұлттың ұлағатты тұлғалары туралы айта отырып, өзіңе де, келешек ұрпағыңа да рухани темірқазыққа қарай жол нұсқайды.
Сырты шелді, іші сөлді «Сыртолғау» Мемлекеттік сыйлық мәртебесіне нағыз лайық-ақ туынды. Қайраткер ақынның қалың ел, көп тілеулестері аламан бәйгеде алаш туын аспандата көтеріп, алдаспан жырымен ақиқат сөзін айтып жүрген шайыр шашасына шаң жұқпай мәреге жетеді деген үмітте.
Дидардың кейіпкерлерін уайымдайсың, сағынасың, сырласып сыр айтасың. Іздейсің. Ізденесің. Дидарды оқып отырып бірдеме жазғың келеді.
Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ұсынылып отырған белгілі жазушы Мәди Айымбетовтің «Бопай ханым» атты тарихи романы өз атына сай дүние дер едік.
Думан әңгімені шебер әрі шымыр жазады. Әсіресе, көргені мен түйгенін көркемдік тұрғыдан қорытуға аса ұста. Ал әңгіме – аса қиын жанр. Әңгіме жаза алған қаламгер әдебиеттің кез келген жанрын еркін игеріп, еркін билеп төстейді. Бұны айтып отырғаным, елге алғашында талантты прозашы ретінде танылған ол кейіннен өте күрделі жанр – драматургияға түрен салды.
Мемлекеттік сыйлық әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.
Сыйлық ғылым мен техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін екі жылда бір рет беріледі.