Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық жеңімпаздары анықталды

Сыйлық ғылым мен техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін екі жылда бір рет беріледі.

Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөз
962

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығының жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биылғы Мемлекеттік сыйлық «Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер» жұмысы үшін Эрлан Батырбековтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының авторлар ұжымына берілді.

Аталған сыйлық ғылым мен техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін екі жылда бір рет беріледі.

Серіктес жаңалықтары