Тұмауға тән белгілері бар адамдарда бас ауруы, қалтырау және жоғары температура, бұлшықеттер мен буын ауруы, көз ауруы, қатты әлсіздік байқалады.
Мамандар алдағы мереке күндері халық көп жиналатын орындарға барудан сақтану керегін ескертіп отыр. Сондай-ақ шетелге саяхаттайтын қазақстандықтарға да уақытылы вакцина алып, медициналық бетперде киіп, түшкіру немесе жөтел сияқты белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болуды ұсынады.
1 қазанда республикада халыққа тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады.