Карантин: Үкімет 159 бөлімнен тұратын жоспар әзірледі

Карантин: Үкімет 159 бөлімнен тұратын жоспар әзірледі

Карантин: Үкімет 159 бөлімнен тұратын жоспар әзірледі
ашық дереккөзі
194
Үкімет  карантин режимін жеңілдету бойынша 159 бөлімнен тұратын кешенді жоспар әзірледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.  "Карантин режимін жеңілдету бойынша жоспар әзірленген. Онда маусым айы да қамтылатынын толық айта аламын. Бұдан басқа да үкіметтің жеңілдету, шектеу шаралары туралы бойынша тұтас жоспары бар. Жалпы, карантиндік шараларды жеңілдету бойынша іс-қимыл жоспарын жазып шықтық. Премьер-министр төрағалығымен 159 бөлімнен тұратын кешенді жоспарды әзірледік. Барлық шаралар экономикалық бөлімді қалпына келтіруге бағытталған. Бұл - күн тәртібінде тұрған өте маңызды мәселелер. Әсіресе жұмыс орындарын қалпына келтіру мәселесі өзекті", - деді вице-премьер Үкіметте өткен брифингте.  Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары балабақшалардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов еліміздегі ойын-сауық орталықтары мен мейрамханалар қашан ашылатынын айтты

Серіктес жаңалықтары