Кедей мен байдың дастарханында қандай айырмашылық бар? – Ресми статистика

Кедей мен байдың дастарханында қандай айырмашылық бар? – Ресми статистика

Кедей мен байдың дастарханында қандай айырмашылық бар? – Ресми статистика
ашық дереккөзі
50556
Ұлттық статистика бюросы еліміздегі аз қамтылған азаматтар мен ауқаттылар арасындағы тағам тұтыну алшақтығын көрсететін зерттеу қорытындысын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz lsm.kz-ке сілтеме жасап. Зерттеу бойынша, аз қамтылғандардың байларға қарағанда үш есе аз тағам тұтынатыны анықталған. Биылғы II тоқсанда халықтың ең бай 10%-ына жататын азаматтың бірі орташа есеппен 26,1 келі нан өнімдері мен жарма тұтынған. Ал ең аз қамтылған топтың 10%-ына кіретін азамат 39,5 келі тұтынған. Бұл ретте жағдайы төмен қазақстандықтар 9,8 келі ет жесе, байлар 35,7 келі ет жейді. Ауқатты тұрғынның рационындағы балық пен теңіз өнімдері 6,6 келі болса, аз қамтылған адамның рационында – небәрі 1,7 келі. Айырмашылық – 3,8 есе. Сүт пен сүт өнімдерін тұтыну арасындағы айырмашылық – 3,3 есе: 103,3 келі және 30,6 келі. Көкөністерге келетін болсақ, бұл жердегі алшақтық – 2,8 есе. Аз қамтылған қазақстандықтар 4 айда 11,6 келі көкөніс жесе (картопты есептемегенде), байлар – 32,5 келі тұтынған. Ал картоп бойынша 6,8 келі және 16,7 келі. Жеміс-жидек бойынша айырмашылық айтарлықтай – 3,4 есе: ауқатты қазақстандық үш айда – 29,1 келі, жағдайы төмен қазақстандық 8,5 келі тұтынған. Айта кету керек, Статистика бюросының зерттеуінде 11,8 мың отбасының деректері сараланған.

Серіктес жаңалықтары