Жүкті әйелдерге төленетін біржолғы төлем 60 пайызға өсті

Жүкті әйелдерге төленетін біржолғы төлем 60 пайызға өсті

Жүкті әйелдерге төленетін біржолғы төлем 60 пайызға өсті
ашық дереккөзі
50913
МӘСҚ-дан жүкті әйелдерге берілетін орташа біржолғы төлем 1,3 млн теңгеге жетті, деп хабарлады turkystan.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.  Әлеуметтік сақтандыру қорының деректері бойынша, биылғы шілдеде жүктілікке байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін біржолғы төлемнің орташа мөлшері 1 млн 291,2 мың теңгеге жеткен. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 60%-ға (478,1 мың теңге) артық. Жан басына шаққанда, өңірлер бойынша Абай (2 млн 088,9 мың теңге) және Шығыс Қазақстан (1 млн 741,4 мың теңге) облыстарында ең көп төлем төленген. Ең азы – Солтүстік Қазақстан облысында (897,9 мың теңге).

Серіктес жаңалықтары