Оксфорд ғалымдары 3D принтерден жүйке жасушаларын басып шығарады

Жасушалар тамыр жайып, кәдімгі табиғи жүйке жасушаларындай қызмет атқарып кеткен.

Оксфорд ғалымдары 3D принтерден  жүйке жасушаларын басып шығарады
ашық дереккөз
2055

Оксфорд ғалымдары жүйке жасушаларын 3D принтерден басып шығарады, деп хабарлайды turkystan.kz университеттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Олар жүйке жасушаларынан күрделі ми тінін жасау үшін тамшылатып басып шығару әдісін пайдаланған.

Алынған жасушалар тышқанның миына имплантацияланыпты. Жасушалар тамыр жайып, кәдімгі табиғи жүйке жасушаларындай қызмет атқарып кеткен. Енді ғалымдар адамдардың жүйке жасушаларына көшпек.

3D принтер басып шығарған ми қыртысының ұлпасы. Имплантацияланған жүйке жасушалары флуоресцентті маркерлермен белгіленген (суретте – көк және қызыл түс). Сурет авторы: Юншэн Джин, Оксфорд университеті.

 

Серіктес жаңалықтары