"Екінші рет үйлендім": "Үкілі бала" атанған емші Ерболсын Ресейге неге көшкенін айтты

Оның сөзінше, Ресейде көлікті де, баспананы да тегін беріп, құшақ жая қарсы алыпты.

"Екінші рет үйлендім": "Үкілі бала" атанған емші Ерболсын Ресейге неге көшкенін айтты
ашық дереккөз
5349

Халық арасында "Үкілі бала" лақап атымен танымал Ерболсын Серікбаев бүгінде Мәскеуге көшіп кеткен. Өмірінде көп өзгеріс болған ол екінші рет отбасын құрыпты. Бұл туралы stan.kz жазды. 

Оның сөзінше, Ресейде көлікті де, баспананы да тегін беріп, құшақ жая қарсы алыпты.

"Қазір Мәскеуде тұрып жатырмын. Ол жаққа көшіп барғаныма үш ай болды. Жұмысым сол жақта. Жалпы, күнделікті өмірім сол жақта жалғасын тауып жатыр. Мүмкін, қалармын, мүмкін, Қазақстанға келермін. Бірақ Мәскеуде өз ортамды тапқандай тұрып жатырмын. Маған ұнап жатыр. Ол жақта халықтың махаббаты тез ашылып кетті. Бүкіл Ресей танып, шақырту жіберіп, үйімді де тегін беріп, астыма көлігімді де беріп, бүкіл командама, жұмысыма, оқуыма жағдай жасап, сондай керемет қызметтер көрсетті. Сол себепті біздің жұмысымыз әрі қарай сол жақта жалғасын табуда. Яғни, Ресейден көбірек қолдау болды, оны жасырмаймын. Алладан жасырмағанда адамнан жасырудың не керегі бар. Ол жақта ұйымдастырушылық қабілет өте жоғары деңгейде дамыған. Адамдары да ұқыпты, уақытымен емін алады. Бізде Қазақстанда қалай? Бірінші күн келеді, екінші күні кешігіп келеді. Үшінші күні "Садақа боп қалды, той боп қалды. Ем үзіліп қалды. Соңында "нәтиже жоқ" деп менің атымнан неше түрлі ақпарат жібереді", – деді ол.

17 жасында шаңырақ көтерген ол әйелінен ажырасып, екінші рет отбасын құрған. 

"Үйлендім, бір ұлым бар. Есімі – Зұлқарнайын! Тәтті балапан өсіп жатыр. Өмірде өзгеріс көп болады. Өмір бір орнында шалқып тұрмайды. Менің ең алғашқы некем 17 жасымда болды, 18 жасымда біз екі жаққа кеттік. Ол – менің кінәм. Оған ол адамды кінәлап, ондай ой айта алмаймын. Мен – халықтың адамымын. Мен ел-жерді аралап, диуана сияқты жүрдік. Екінің бірі оған шыдауы мүмкін емес. Сол сәтте мен отбасын ойлайтындай жағдайда болған жоқпын. Таңнан кешке дейін, кейде түнгі екіге дейін ауру балалармен айналыстым. Жалпы, отбасылық өмірге үлкен оймен, үлкен тұжырыммен келген жақсы екен. Қадам баспай тұрып ойланған, қараған дұрыс. Өмірімді түсінетін адам керек екен. Кейде алты-жеті ай үйде болмайтын кездер болады. Осы отырғанда үйге бармағалы жарты жыл болды. Мысалы, баламның қалай өсіп жатқанын білмеймін. Қазір екінші рет отбасын құрдым. 19 жасымда үйлендім, 19 жасымда әке атандым, қазір 20 жастамын. Бәрі жақсы", – дейді Ерболсын. 

 

Серіктес жаңалықтары