10 қазан – Дүниежүзілік психикалық саулық күні

1992 жылы Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясы әлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен 10 қазанды халықаралық психикалық денсаулық күні деп жариялаған болатын.

10 қазан – Дүниежүзілік психикалық саулық күні
ашық дереккөз
2390

10 қазан – Дүниежүзілік психикалық саулық күні, деп хабарлайды turkystan.kz.

1992 жылы Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясы әлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен 10 қазанды халықаралық психикалық денсаулық күні деп жариялаған болатын. 

Психикалық аурулардың таралуы әлем бойынша өткір мәселе және проблеманың салмағы аймақ, жас тобы және қарастырылып отырған психикалық аурудың белгілі бір түрі сияқты факторларға байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін. 

2021 жылғы қыркүйектегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есептеуіне сүйенсек, әлемде шамамен 264 миллионнан астам адам депрессиядан зардап шегеді,  20 миллионға жуық адам шизофрениямен ауырады.

Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі психикалық денсаулыққа айтарлықтай әсер етті, стресстің, мазасыздықтың және депрессияның белең алуына әкелді.

Халықтың менталды саулығы – жалпы дені сау қоғамның алғышарты. Сондықтан, жан саулығына мән беріп, уақытылы тынығу, жақын адамдардың көмегіне жүгініп, шер тарқатудың, маман көмегіне жүгінудің маңызы зор.

Серіктес жаңалықтары