Қарағанды облысында 1,5 млн теңге тұратын бәйге атын сойып алған адамдар ұсталды

Жыл басынан бастап, облыс аумағында 644 бас мал ұрланып, оның 547-сі иесіне қайтарылған.

Қарағанды облысында 1,5 млн теңге тұратын бәйге атын сойып алған адамдар ұсталды
Фото: polisia.kz
995

Қарағанды облысында 1,5 млн теңге тұратын бәйге атын сойып алған адамдар ұсталды, деп хабарлады  turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға 30 жастағы аудан тұрғыны арызданып, белгісіз біреулер халықаралық бәйгеге дайындап жүрген тұлпарын ұрлап кеткенін айтып, шағымданған. Шығын көлемі – 1 миллион 500 мың теңге.

«Полиция осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы азаматтарды ұстады. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок-бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қылмыстық кодекстің 188-1-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.

Басқарма бастығының айтуынша, жыл басынан бастап, облыс аумағында 644 бас мал ұрланып, оның 547-сі иелеріне қайтарылған.

Серіктес жаңалықтары