Абай облысында криминалдық полиция қызметкерлері жылқы ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Топ төрт адамнан тұрған.
Сонымен қатар, ұсталғандардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60 астам патрон тәркіленді.
Қылмыстық топ 26 жылқыны ұрлады деп күдікке ілінген.
Жәбірленушіге 1 млн 750 мың теңге шығын келген.
Жыл басынан бастап, облыс аумағында 644 бас мал ұрланып, оның 547-сі иесіне қайтарылған.
Қазіргі уақытта күдіктілердің мал ұрлығының 5 фактісіне қатысы бары дәлелденді.
Ұрланған малдың етін Петропавл қаласында сатқан