Абай облысында малға тағылған чип 28 жылқыны ұрлаған қылмыстық топты ұстауға көмектесті (ВИДЕО)

Қылмыстық топ 26 жылқыны ұрлады деп күдікке ілінген.

1094

Абай облысында полицейлер мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер Қалбатау – Семей тас жолында автокөліктерді тексеру кезінде Жарма ауданы тұрғынының көлігін тоқтатқан. Көлікте отырған екі тұрғын ет тасымалдамақ болған. Малды цифрлық чиптеу тергеу аясында ет өнімдерінің иесін анықтауға көмектесті.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар аймақ тұрғындарына тиесілі 26 жылқыны ұрлады деп күдікке ілінген.

Серіктес жаңалықтары