«Етті оңтүстікте саудалаған»: ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Сонымен қатар, ұсталғандардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60 астам патрон тәркіленді.

«Етті оңтүстікте саудалаған»: ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды
Polisia.kz
317

Шығыс Қазақстан облысында 70 астам мал ұрлаған бірнеше күдікті ұсталды. Тәртіп сақшылары қаскөйлерді жедел іздестіру іс-шаралары барысында анықтады.

Полицияның ақпаратынша, келтірілген шығын көлемі 47 млн теңгеден асады. Етті көбіне елдің оңтүстігінде саудалаған.

Топта төрт күдікті белсенді әрекет еткен. Мал басының бір бөлігі тәркіленді. Тергеу барысында олардың иесіз жылқыларды іздегені, кейін мал ұстау орындарына жеткізіп, ары қарай жүк көліктерімен басқа аймақтағы базарға тасымалданғаны анықталды.

Сонымен қатар, ұсталғандардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60 астам патрон тәркіленді. Олар бойынша сараптама тағайындалды. Айыпталушылар соттың санкциясымен қамалды. Тергеу әрекеттері жалғасуда және олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде, - делінген хабарлмада.

Серіктес жаңалықтары