1171
7 сағаттан аз ұйықтайтын адамның түрі қалай өзгеретіні анықталды
Зерттеуге сәйкес, түнде 7 сағаттан аз ұйықтау теріге және көзге қатты әсер етеді
Ұйқы технологиясымен айналысатын Simba компаниясы 7 сағаттан аз ұйықтайтын адамның түрі қалай өзгеретінін көрсетті.
7 сағаттан аз ұйықтау әжімнің көбеюіне, дене мен бет терісінің құрғауына және көз астындағы қара шеңберлердің пайда болуына әкеп соғады. Мұның бәрі аз ұйықтап, жасушалардың қалпына келуіне уақыт жетпей қалатындықтан болады екен. Себебі шамадан тыс жұмыс кортизол деңгейін жоғарылатады.
"Түнде сіздің теріңіз өзін-өзі жаңарту және қалпына келтіру, сондай-ақ жаңа жасушалар түзу сияқты маңызды қызметтерді орындайды", - дейді Лиза Артис, Simba, The Sleep Charity ұйымының бас директорының орынбасары.