Нутрициолог кеңесі: дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері

Тамақ – денсаулық пен жақсы көңіл-күйдің кепілі. Сондықтан оған немқұрайлы қарауға болмайды. Назарларыңызға нутрициолог мамандардың кеңесін ұсынамыз.

Нутрициолог кеңесі: дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері
istockphoto.com
Автор
Админ
523

Әртүрлі тамақ ішіңіз

Бір тамақ ағзаның бүкіл қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Дәрумендер мен минералдардың орнын толтыру үшін әртүрлі тамақ жеу керек. Нутрициолог не болса соны жемей, талғап, пайдалы тамақты жеу қажеттігін айтады. 

Рационыңызға жеміс-жидек пен көкөніс қосыңыз

Көкөніс пен жеміс-жидек семіздік пен созылмалы аурулардың алдын алады. Тамақ ішкен сайын: таңда, түсте, кешке негізгі тамаққа жеміс-жидек пен көкөніс қосып отыру қажет. 

Ақуыз өнімдерін тұтыныңыз
Тамақ рационыңызға өсімдік және жануар ақуызын қосыңыз. Түрлі дәндер, балық, жұмыртқа, ет –ең қажет тағамдар. 

Құрамында май, тұз, қанты көп тамақтардан бас тартыңыз. Шоколад, торт, печенье, бәліштер мен чипсы – денсаулыққа зиян. Газдалған сусындар, шырындар мен энергетикалық сусындардан да бас тартқан абзал. 

Тамақ ішкен кезде алаңдамаңыз
Көңіліңіз тек тамақта болса артық тамақ жеп қоймайсыз. Ас қорыту жүйесі жақсы жұмыс істейтін болады. 

Ұйқыңыз қанық болсын
Ұйқы қанық болмаса артық салмақ қосып аласыз. Себебі шаршап жүрген адам тамақ арқылы күш-қуат жинауға тырысады. Ал ол артық салмаққа алып келеді. 

Тамаққа БАД өнімдерін араластырмаңыз
Ағзаға қажетті дәрумендерді БАД арқылы емес, тамақ арқылы толтырған дұрыс. БАД-тардың жарнамасына сенбеңіз. Өзіңізді жайсыз сезінсеңіз дәрігерге барыңыз. 

Өңделмеген өнімдер жеуге тырысыңыз

Қайнатылмаған, буға пісірілмеген, ештеңе араластырмаған, табиғи өнімдерді тұтынуға тырысыңыз. Балғын көкөніс, жеміс-жидек, дәндер, жаңғартар. Олардың құрамында ағзаға қажетті дәрумендер, минералдар, антиоксиданттар бар. 

Су ішуді ұмытпаңыз

Су – ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады. Ішекті тазалап тұрады. Сүт, айран, шай, шырын, кофе емес, таза су ішу керек.

Серіктес жаңалықтары