Жәнібек Әлімханұлы Мырзағали Айтжановпен бірге түскен видео жариялады

Мырзағали Айтжанов боксшыға дайындық сапалы әрі жақсы өтуін тіледі.

Жәнібек Әлімханұлы Мырзағали Айтжановпен бірге түскен видео жариялады
Жәнібек Әлімханұлы мен Мырзағали Айтжанов. Фото: x.com/qazaqstyle
416

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен жаттығу өткізді. Бұл туралы боксшы Х желісіндегі ресми парақшасында мәлім етті.

ІBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын бастап кетті. Қазіргі уақытта ол АҚШ-қа ұшпай, жаттығуын Қазақстанда жалғастырып жатыр.

Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі парақшасында бокстан ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен спарринг өткізген видеосын жариялады. Ал оның спарринг қарсыластары Мырзағали Айтжановтың жас шәкірттері болды.

«Жігіттердің боксы қарсыластарымыздың зерттеп жүрген тактикасына келеді екен. Мырза ағайдың мектебі десек те болады. Мырза ағай секілді қатты ұрады екен», - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Ал Мырзағали Айтжанов боксшыны демеп, дайындық сапалы әрі жақсы өтуін тіледі.

Айта кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зелендиялық Андрей Михайловичпен келесі айда жекпе-жек өткізбек.

 Екі боксшының жекпе-жегі 14 шілдеде өтуі тиіс болатын, бірақ Жәнібек салмақ қуу кезінде денсаулығына байланысты ауруханаға түсіп, жекпе-жек кейінге шегерілді. 

Серіктес жаңалықтары